Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығының ұйымдастыруымен онлайн түрде Республикалық колеміндегі техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттер арасында «Колледж Аруы-2021» байқауы өткізілді.

Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсаты – қыз балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрудің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау дейді «облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы Жандос Табылғанов.

«Колледж аруы – 2021» байқауына арнайы кастинг жарияланып, орта арнаулы орындарынан 100-ге жуық қыз қатысуға ниет білдірді. Іріктеу комиссиясының шешімінен 16 мен 25 аралығындағы сыр-сымбаты келіскен, бойында өнер-білімі толысқан 17 аруымыз таңдалып алынды. Олар 3-кезеңге өтті.

Республикалық онлайн байқаудың бүгінгі шешуші сынында қаракөздер 3 кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, «Мен қазақтың қызымын», «Менің өнерім сайысы», «Таңғажайып киім», «Ұлттық нақыштағы көйлектер дефилесі» және соңғы шартымыз бойынша @amido_aktobe парақшасында дауыс жинау болатын, әділқазылардың шешімі бойынша, «Колледж Аруы -2021» байқауының жүлделі 1-орынын Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғыны. Арқалық политехникалық колледжінің Электрлік және электромехани калық жабдықтар түрлері бойынша мамандық иесінің 1-курс студенті Насирила. Камилла Қобыланқызы иеленді.

Құттықтаймыз???

Қолдау көрсеткен барша жанашырларымызға алғысымыз шексіз! Камиланың осындай жетістікке жеткені сіздердің арқаларыңыз! Қостанай облысы.

Арқалық қаласы. Жеңіс құтты болсын! Жетекші:

Байжумина Алданыш Хамитжанқызы