Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Колледжіміздің айбындыда ардақты жігіттері!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді.  Еліміздің жарқын болашағы мына сіздердің қолдарыңызда! Отанын, елін қорғайтын сіздердей азаматарымызды мақтан етеміз!  Ендеше бүгінгі салтанатты  мерекеде ер азаматтарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Салтанатты жиында ҚР әнұраны шырқалды. Сонымен қатар   директордың  оқу ісі жөніндегі   орынбасары И.В.Крыжанова құттықтау сөз сөйлеп, белсенді қыздарымыз  мерекелік флешмоб билеп, әнші қызымыз Сапар Шолпан «Жаса Қазақстан» әнін орындады. Бұл күні белсенділеріміз ер азаматтарымызға   мерекелік  көңіл  сыйлады.