Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Атамұра» үйірмесінің жоспарына сай 25 мамыр күні Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлының кесенесіне колледж білім алушыларымен бірге экскурсияға бардық. Экскурсия мақсаты: Ұлы даланың хас батыры Кейкі бабамыздың 1916жылғы ұлт-азаттық көтерілістегі елін қорғаудағы ерлігі мен кеңестік саяси – қуғын сүргіннің алғашқы құрбандарының бірі ретіндегі тарихи тағдырын ашып көрсету.

Кесенесі басында үйірме жетекшісі Самыратова Лайла Абдрахмановна колледж білім алушылармен әңгіме сұхбат жүргізді.

Кейкі батырдың бас сүйегі Отанына қайта оралып, өзінің туған жері Амангелді ауданындағы Тасты ауылының аумағында салынған осы кесенеге салтанатты түрде жерленгені туралы айтылып, зейрат басында құран бағышталды.

Болашақ үшін, ұлттың ертеңі үшін жанын қиған ардақты бабамыздың асыл бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.