Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

2021 жылдың 7 қыркүйегінде Арқалық политехникалық колледжінің «Art team APK» студенттік парламент белсенділерінің жылдық есеп беру - қайта сайлау жиналысы өтті.

Жиналыста төмендегі сұрақтар қарастырылды:
1. Студенттік парламенттің 2020-2021 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі;
2. 2021- 2022 оқу жылына жаңа құрамын сайлау;
3. Студенттік парламент 2021-2022 оқу жылына жаңа төрағасын сайлау.

Барлық 1 курс студенттері жиынға белсене қатысып, студенттік парламент құрамына мүше болып кіруге ниет білдірді. Студенттік парламент құрамындағы 8 фракцияға бөлінген студенттер өз тұжырымдамасын ұсынып, университеттің және факультеттің намысын қорғауға уәде берді. Осындай белсенді студенттер мүшелікке сайланып, студенттік ұйымның жаңа құрамдары бекітілді.