Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлап, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді. Осыған орай, 2021 жылдың 27 қазанында Арқалық политехникалық колледжінің 1-3 курс студенттерінің арасында «Алтын күз- 2021» байқауы ұйымдастырылды. Аталған сайыс жыл сайынғы күзгі бал ретінде ұйымдастырылып өткізілді. Күзгі бағдарламаның қадірлі қонағы және демеушісі ретінде «Жанұя» медициналық орталығының дәрігері Юлдашев Зиёджан шақырылды.  Концерттік бағдарламаны сайысқа қатысушы студенттер «Күзгі вальс» биімен  ашты.

Бағдарлама төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Өз өнері», «Үй тапсырмасы» және «Авангардтық киім үлгісі». Байқаудың негізгі мақсаты —сайысқа қатысқан 1-3 курс студенттер арасынан 2021 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасын анықтау. Барлық тамашаланған концерттік нөмірлер күз тақырыбына арналып, ғажайып түрде ұсыну.

Әділ қазылар шешімі бойынша  2021 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы Э-11 тобының студенттері Шәріп Зұлбұхар және Маратқазы Назерке тағайындалды. Байқау қатысушылары I,II,III орын грамоталарымен және «Өнерлі жұп», «Көрермен көз айымы» номинациясымен марапатталды. «Жанұя» медициналық орталығының дәрігері Юлдашев Зиёджан демеушіміздің атының сайысқа қатысушы барлық студенттерге «Torgai Cinema» кинотеатрына 14 билет сыйлады.

Жыл сайын колледжмізде күз тақырыбына арналған әр-түрлі кештер ұйымдастырылады. Мақсаты — жастардың әртүрлі іс-шараларға белсене қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу.

Студенттік парламент жетекшісі
Әмірғазы Жанерке Нұрболқызы