Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

 «Арқалық политехникалық  колледжінде» КМҚК  үздік еріктілерді анықтау мақсатында «Жүрек жылуы» еріктілер тобы арасында «Үздік волонтер-2022» колледжшілік  байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты үздік волонтерлік ұйымдар мен бастамашыл топтарды, сондай-ақ жыл бойы атқарылған ерікті қызметі үшін ең белсенді волонтерлерді іріктеу және марапаттау болды.

Байқау ережесіне сәйкес қатысу үшін өтінімді толтырып, портфолио (сертификаттар мен дипломдар, фотоматериалдар, атқарылған волонтерлік жұмыс туралы жазбалар, бейнематериалдар, БАҚ-та сөз сөйлеу) қосу қажет болды. Портфолио ұсыну нысаны еркін болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Жылдың ең үздік ерікті тобы” номинациясын ТО- 11 тобы жеңіп алды.