2024-2025 оқу жылының аясында 23 қазан күні Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында Республика күні мен Кітапханашылар күніне орай «Байтақ елім – Қазақстаным!» атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны орталық кітапхана қызметкерлері өткізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың Қазақстан жайлы ой-пікірлерін білу және жастардың өз еліне деген патриоттық сезімін қалыптастыру болды. Сондай-ақ қатысушылар ата-тегін, ұлттық дәстүрлер мен елдің құндылықтарын бойына сіңіріп, рухани дамуға бағытталды.
Кездесу барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайта түсті. Сонымен қатар, олар Қазақстанның тарихын тереңірек зерттеп, жаңа білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.