Техникалық пәндер бірлестігі апталығы аясында ақпанның 22 күні арнайы пәдер оқытушысы Байгиреев Серік Ғаймоллаұлы Э-31 (арнайы) тобында кәсіпорындардың электржабдықтары пәні бойынша «Көпірлік крандардың электржабдықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Білімалушылар сабақ басында E-energy. Electrik power, High voltage атты үш топқа бөлінді. Сабақтың мақсаты білім алушылардың көпірлік крандардың электржабдықтары туралы білімдерін қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп бекіту және жаңа мәліметтерді пайдалана отырып терең түсінік беру болатын.
Сабак аралас сабақ түрінде болды.Сабақ барысында білімалушылар үй тапсырмасына кластер құру арқылы жауап берді. Сабақтың келесі кезеңінде оқытушы білімалушыларға жаңа тақырыпты түсіндіріп,сабақ мақсатын айта кетті.Жаңа тақырыпты толық меңгерту мақсатында білім алушылар назарына бейне материал көрсетілді,миға шабуыл әдісі арқылы топтар арасында сұрақ – жауап алмасты.Сабақ барысында бірнеше оқу әдістері қолданды олар: мига шабуыл,адасқан әріптер,Clil технологиясының элементтері,жеті қадам-ойлау қабілетінің жеті қадамы әдісі, «STOP» кадр әдісі. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңінде білімалушылар тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындады.Бекіту кезеңінде жеті қадам-ойлау қабілетінің жеті қадамы әдісі арқылы бекітілді.Сабақ соңында білімалушыларға үй тапсырмалары беріліп, «Тазалық» ойыны арқылы рефлексия (кері байланыс) жүргізілді.Сабақ өз мақсатына жетті білімалушылар жақсы әсер мен көңіл күйде болып жаңа тақырыпты толықтай меңгерді.