25 -ші қазан Республика күні елімізде - ұлттық мереке ретінде екінші рет аталып отыр. Колледжімізде мерекеге орай, “Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан” атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті! Салтанатты кешіміздің қадірлі қонақтары: қаламыздың ардагерлерлер ұйымының
кеңесшілері - Жиенбаев Қайырден, Омаров Кеңшілік, Байжумин Хамитжан және ата-аналар Рагатова Күлпара, Көбенова Гульжиян апаларымыз шақырылып, белсенді білім алушыларымыздың өнеріне тәнті болып, батасын беріп, Республика күнімен құттықтады.