Арқалық политехникалық колледжінде жоспарға сәйкес «Сабақты жоспарлау оқытушы жұмысының әдістемелік негізгі нысаны ретінде» тақырыбында жас мамандар отырысы өтті. Педагог- психолог Алибаева С.А. педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуге арналған тренинг ұйымдастырды. Жоғары санатты оқытушы Нұрманбетова А.С. "Пәнді оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау" тақырыбында шебер-сынып өткізіп жас оқытушыларға әдістемелік кеңес берді. Әдіскер Жиенбаева С.А. Кәсіби шеберлікті арттыру, сабақты жоспарлауға үйрету, сабақтың жоспарын дұрыс құра білу, мақсатын дұрыс қою, сабақтың кезеңдерінде әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану туралы әдістемелік ұсыныстар берді.