Халыкаралық студенттер күніне орай 17 қараша күні 1 курс студенттеріне арналған "Студенттердің қатарына қабылдау" кеші өтті.
Іс-шара екі кезеңнен құрылды:
1. Студенттік парламент мүшелері ұйымдастырған "Квест" ойына 1 курс студенттері қатысып, әртүрлі сынақтардан өтті.
2. Салтанатты концертте студенттер ант қабылдап, қолдарына бірінші ресми құжаттарын ұстап "студент" атағына ие болды.
Колледж директоры Карбозов Алмас Қалтайұлы құттықтау сөз айтып, студенттердің құжаттарын табыстады.
Құрметті 1 курс студенттері, басқан қадамдарыңыз құтты болсын🤝👏