Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қамқорлық –қайырымды іс

Алланың жолыңда не жұмсасаңдар да,

Алла тағалам міндетті түрде оның орнын толтырады.

Қайырымдылық-әр адамға тән жақсы қасиет. Көмекті қажет етушілерге білдіретін сүйінспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық жасасаң , қайырымың өзің көресің,-демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата- бабамыз да мақал –мәтелдерде айтып кеткен. Осы мақсатпен Арқалық политехникалық колледжінде «Жүрегім толы мейірім» тақырыбында қамқорлық акциясы басталды.

Басты мақсатымыз: Көп балалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім, мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын-ала анықтап топ жетекшілерімен бірге рейд жүргізілді.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды . Ең алдымен анаңа , содан соң Отанына жақсылық жаса. Жақсылық , қайырымдылық қай кезеңде , адам баласына тән қасиеттер. Адам баласын сүт қоретілердің ішінде ең жоғарғы сатыға көтеріп тұрған да осы қасиеттері ғой деп ойлаймын. Қолдан келгенше көмек беру –қай адамға да тән. Адамның жанына жалау боларлық жылы сөздің де өзінше әсері бар. Көңілінді жадыратып, көтеріп тастайтыны сөзсіз. Әйтеуір жаныңда сенің тағдырың ойландыратын жандар бар деген сөз. Адамдар әртүрлі. Біреулер жастайынан басқаның қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын болып өседі, ал кейбіреулер керісінше әрекет етеді. Адамның мұндай болмысына генетикалық бейімділігі , тәрбие ерекшеліктері , кімдермен жақсы араласатыны және т.б көптеген фактор әсер етуі мүмкін. Алайда мейірімсіз және енжар өзімшілдердің өзі жақсы жаққа өзгертіп, жақсылық жасауға құмар болатын кездері болады. Бұл кез келген адам болуы мүмкін. Мысалы; қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп келе жатқан жалғызбасты ана ,қиын жағдайға тап болғанын танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліңіз, көмегіңіз қажет пе екенін сұраңыз. Бқл көмегіңіз болмашы болса да, ең бастысы , шынайы және шын жүректен шыққан ұсыныс болсын. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де, бір сәт риза болып қаласыз. Және бұдан кеәін да мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Сондықтан мейірімді де қайрымды адамдар өз өмірін біреуге қастық ойластырып, пайда табуды көздеп, бекер өткәзбеуге тырысады.

Әлбетте, мейірімді болу – өмірінді толықтай біреулерге көмектесуге арнап , өз қызығушылықтарың мен отбасынды және т.б ұмыту деген сөз емес.

Қазақ елі ежелден жетімін жылатпаған , жаттың қолына жаутаңдатпаған халық. Қазақтың жақсы қасиеттірінң асылы- жомартық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып , жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жақсылық жасау- имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрнісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар , игі іске қмтылыс-асыл арманына қол соғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келегн көмегімізді аямайық.