Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Колледжде 2022 жылдың қазан айының 10-14 күндер аралығында «Позитив әлемі» тақырыбында Психология апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: студенттік ұжымның бірігуіне ықпал ету және колледж білім алушылары мен оқытушыларының психологиялық жайлылық деңгейін анықтау.

«Сиқырлы болжамдар» акциясы Психология апталығын ашты. Ол алғаш рет өткізіліп, колледжде қолайлы эмоционалдық ахуал қалыптастыруға, жағымды эмоциялар алуға бағытталған болатын. Қорапта ең жақсы тілектер мен сөз тіркестері, болжамдар болды. Акцияға колледж оқытушыларымен қатар 300-ден астам білім алушылар қатысты.

Күн сайын колледж холлында «Психология әлемінде», «Ақылды ой мен тілек бурышы», «Ең керемет...» атты стендтерге тақырыптық атаулары бар плакаттар ілінді. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар, психологиялық жұмбақтарды шешуге арналған «Ең ақылды» атты айдары болды.           «Психологқа хат» акциясы білім алушылар мен топ жетекшілер арасында үлкен қызығушылық тудырды. «Бақыт пен махаббат деген не?», «Өмірдің мәні неде?», «Қалай жақсы болуға болады? » және т.б. сұрақтар психологқа жолданды.          1 курс білім алушаларға, яғни ТО-11 және ОП-11 топтарында «Мен сенімен дос болғым келеді» ойыны өткізілді, оның мақсаты: бір-біріне мейірімділік таныту, жасөспірімдерді біріктіру, жағымды эмоционалды тәжірибе жинақтау, топ құру.

«Іздеу саламыз» ойынында бүкіл колледж білім алушылар қатысып, сұрақтары бар хат алды. Ойынның шарты: білім алушылар өз топпен бірігіп, сұрақтарға дұрыс жауап жазады. Ойынның қорытындысында жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталады.

«Психология апталығының» соңғы күнінде «Колледжге тілегіңіз» акциясы өткізілді. Білім алушылар колледждегі білім беру жағдайын жақсарту мақсатында өздерінің жақсы пікірлер мен ұсыныстарын жазды. Психология апталығынан алған жалпы әсерлері оң, барлық қатысушылар оны дайындауға және өткізуге белсене қатысты.

Педагог-психолог С.А.Алибаева