Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Бүгінгі қоғам білім мен қабілетті, мінезбен мәдениетті, еңбек пен ақылды орнымен қолдана алатын іскер маманды қажет етеді. Ал іскерлік дегеніміз - өмірдің қай саласында болмасын істі байыбына жетіп түсіну зеректігі, мәселені тереңнен қозғай білу көрегенділігі, көпшілік алдына шығып сөйлеу таланты, адамдарды түсіністік қарым-қатынаста іске жұмылдыра білу қабілеті. Осының бәрі өнер арқылы жүзеге асады. Ал мұндай өнерге адам бір мамандықты меңгеру арқылы ғана жете алады.

Менің мамандығым – жантану, яғни заманауи тілмен айтқанда психолог. Өйткені бұл мамандық заман талабына сай және өте қажет деп ойлап, осы мамандықты таңдадым. Психолог өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында өзгенің жан дүниесін зерттеп жүрген сыздатқан жан жарасын жеңілдететін – емші. Адамның жақсы қасиеттерін оқушылардың бойына сіңіріп, ізгілікке бастай алады. «Өмір теңіз, жүзіп өтем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» - деп данышпан Рудаки айтқан екен. Осы кезде жоғарыда айтылған нағыз іскерлік қажет.

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан, – деген дана Абайдың салиқалы сөздері менің өмірдегі дара жолымды таңдауға көмектесті. Өйткені мен мамандық таңдауда өмірден өз орнымды таптым деп айта аламын. Оған айғақ әлі аз да болса еңбек өтілімдегі маған арнап айтылған ата-аналардың жылы лебіздері, оқушылар арасындағы түсіністік, әріптестерімнің маған деген ерекше ілтипаттары..

Әрине, мұның бәрі оңайлықпен келген жоқ.

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты еңбек.

Егін ексең терлеп,

Оның аты еңбек.

Еңбек бәрін жеңбек. – демекші осы адал, табанды еңбектін арқасында жеткенділік.

Осы жаһандану дәуірінде бәсекелестікке түсе алатын, өз мамандығын жетік меңгерген, бастаған істі орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптастыру оқу орындарының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Сол себепті заман ағымына сай ойшыл, жаңашыл мамандық иесі болу парыз.  

Арқалық политехникалық колледжінің психологі

Ахметова Салтанат Сериковна