Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Қазіргі таңда күрделі мәселелердің бірі экстремизм мен терроризм. Жастардың көпшілігі теріс ағымдардың салдарынан дұрыс жолдан адасып жүргендерін қазіргі таңда көріп те жүрміз. Жас жеткіншектердің дұрыс жолдан адасып барып, түзету мекемелеріне толғытылғаннан кейінгі өкініштерін көргенде, шынымен де жаның ашиды.

Дегенмен де, адасқан жастар осы қате қадамдарына кімді кінәләрін білмей, кім және не үшін?, енді алдымда не күтіп тұр? деген сұрақтарға жауап таба алмайды.

Бірақ, «енді қателеспеймін», «ата-анамның айтқаны дұрыс екен» деген көкіректерінде үміт болады. Осындай оқиғалар желісі, біздің Тәуелсіз елімізді де айналып өтпегені белгілі. Қара көз қазақ балаларының да адасып жүргенін көргенде, кейінгі жастардың дұрыс жол табуына, өмірге деген көз-қарастарын қалыптастыруына бағыт беру мақсатында колледжімізде үлкен іс-шара болып өтті.

2015 жылдың сәуір айында колледжіміздің барлық топ студенттерін, топ шеберлерін қатыстыра отырып, қалалық мәдениет және жастар бөлімінің, дін танушы өкілдері мамандарының шақырылуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырған жауаптылар тарих пәнінің оқытушысы Айтмағамбетова Балым Серікқызы және колледж психологі Ахметова Салатанат Серікқызы.

Бұл кездесуді ұйымдастырудағы мақсатымыз: қанаты бекімеген жастардың тура жол таба білуіне бағыт беру, студенттерді толғандарып жүрген сұрақтары болса, мамандардан тұшымды жауап алуларына септігімізді тигізу, ақ пен қараны ажырата білулеріне көмек беру.

Өткізілген іс-шара жоғары денгейде өтті. Колледжден 60 студент қатынастырылып, 8 студент мамандарға сұрақ қоя отырып белсенділік таныта білді. Болашақта осы бағыттағы ауқымды іс-шараларды өткізуді жоспарлаймыз.

Айтмағамбетова Б.С.

Ахметова С.С.