Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Студенттер қатарына қабылдау-2019

Студенттер қатарына қабылдану күні - әр білім алушының өміріндегі маңызды және қызықты сәттердің бірі, жайдарлы жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы күн. Бұл жаңа, ересек өмірге жақсы бастама, өмірде үлкеніз қалдыратын студенттердің үлкен бауырластығына алғашқы қадам болып табылады. 2019 жылдың 15-ші қарашасында колледжімізде «Бүгінгі жастар- ертеңгі ел тірегі»атты студент қатарына қабылдау салтанатты кеші өтті.Колледждің болашақ мамандары студенттерге арнау рәсімін өткізді, жоғарғы курс белсенділері мерекелік көңіл –күй сыйлап,өз өнерлерін ортаға салды. Дәстүрлі мерекелік кеште бірінші курс студенттерінің топ басшылары ортаға шығып, өз мақсаттарына қол жеткізуге және колледж қабырғасында берік білім алуға тілек білдіріп ант қабылдады. Құттықтау рәсімінде жоғары курс белсенді студенттері бірінші курс студенттерін құттықтап «Үлгерім кітапшасымен» "студенттік билет" табыстады. Кеш соңы би кешімен жалғасты. Бұл атаулы іс-шараға жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері жауапты болды.

Микаус және достары

Студенттер қатарына қабылду күні қарсаңына орай, колледжіміздің жастар ісі жөніндегі комите мүшелерінің ұйымдастыруымен дәл бүгінгі күнгі мерекеге орай, 1-ші курс білім алушыларының көңіл-күйерін көтеру бағытында, сабақ кезеңі алдында сергіту сәтін ұйымдастырды. Заманауи студенттердің өмірінде көптеген қызықты, қызықтырарлық және керемет оқиғалар көп. 1-курс студенттеріне қызықты викториналық сұрақтар қойып, жұмбақ жасырып, ойындар ойнатып, гитарамен бірге қосылып ән шырқап көңіл-күйлерін көтерді. Сонымен қатар, жоғарғы топ белсенділері қабырға газеттеріне құттықтау сөз жазып, тілектерін арнады.