Оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі ереже
Оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелерді жұмыс топтары (тәрбиелі педагогтар, директордың оқу, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер қатарынан), білім беру ұйымы «Білім туралы» ҚР Заңы; Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидалары»; 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 бұйрығымен бекітілген «Әдістемелік ( оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік ережелері және оны сайлау тәртібі»; 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары» негізінде және сәйкес әзірлеуі мүмкін.
Әзірленген Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелер оқу- әдістемелік кеңестің отырысында қаралады және білім беру ұйымының директоры бекітеді.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі ережелер оқу-әдістемелік қызметі, топтамалық әдістемелік комиссиялардың төрағалары, колледждер оқытушыларына қолдануға арналған.
Әдістемелік қызмет:
• оқу әдістемелік кеңес;
• топтамалық (пәндік) әдістемелік комиссиялар;
• жас педагог мектебі;
• педагогикалық шеберлік мектебі;
• педагогикалық шығармашылық шеберханаларынан тұрады.
Оқу-әдістемелік кеңес - өз қызметін білім беру ұйымындағы Оқу әдістемелік кеңес туралы ереже негізінде жүзеге асыратын алқалық, консультативтік-әдістемелік орган (білім беру ұйымы директорының бұйрығымен бекітіледі).
Жас педагог мектебі:
• Жас педагог мектебі туралы ереженің негізінде әрекет етеді (білім беру ұйымы директорының бұйрығымен бекітіледі)
• Жас педагог мектебінің басшысы білім беру ұйымының әдіскері болуы мүмкін немесе аттестаттаудан өткен тәжірибелі педагогтар құрамынан тағайындалуы мүмкін;
• Жас педагог мектебі басшысының кандидатурасы оқу-әдістемелік кеңесте қаралады және директор бекітеді;
• Жас педагог мектебінің жұмыс жоспары оқу-әдістемелік кеңесте қаралады және білім беру ұйымының директоры бекітеді.
Оқу-әдістемелік кеңес
Мақсаты: оқу үдерісінің, педагогикалық ұжымының әдістемелік және кәсіптік қызметін басқару және үйлестіруді қамтамасыз ету.
Міндеттері:
• Білім беру ұйымының оқу және әдістемелік жұмысының келешек бағыттарын әзірлеу.
• Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру.
• Тиімді сапа менеджментінің жүйесін құрау арқылы білім беру үдерісінің нәтижелігін қадағалау.
• Оқытушылардың шығармашылық қалыптасуы үшін жағдайлар жасау.
• Колледжде қолданыстағы технологиялар, әдістер, оқыту құралдарын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
• Озық педагогикалық тәжірибені насихаттау және оны оқу үдерісіне енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
• Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және атестаттау жүйесін ұйымдастыру.
Жас педагогтармен жұмыс құрылымы
Жас педагогтармен жұмыс нысандары
• Жас оқытушылардың бейімделуіне себепші болатын жағдайлар жасау, педагог-тәлімгерлерді бекіту.
• Әдістемелік көмек көрсету: дөңгелек үстелдер, оқу-әдістемелік мәселелер бойынша семинарлар, пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар.
• Біліктілікті арттыру курстары.
• Жас оқытушының сабағына кіру, оны кейіннен талдау.
• Сауалнама жүргізу арқылы жас оқытушының жетімтілігін диагностикалау.
Педагогикалық шеберлік мектебі
Мақсаты: Педагогикалық кадрлардың педагогикалық және кәсіптік деңгейін арттыру.
Міндеттері:
• Педагогикалық тәжірибені жалпылау және насихаттау.
• Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
• Педагогикалық ұжымды инновациялық қызметке дайындау.
•
Шығармашылық топтар
Мақсаты: Білім беру үдерісіне педагогикалық және инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу бойынша жұмыс.
Міндеттері:
• Педагогикалық және инновициялық заманауи технологияларды зерделеу.
• Педагогикалық практикалық қызметінде инновацияларды іске асыру.
• Білім үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша қызметтің нәтижелерін сипаттау және ресімдеу.
Оқу-әдістемелік жұмыстың нысандары
Бұқаралық |
Жеке |
• Оқу-әдістемелік кеңестер • Топтамалық (пәндік) әдістемелік комиссиялар • Педагогикалық оқулар • Жас педагог мектебі • Педагогикалық шеберлік мектебі • Шығармашылық шеберханалар • Ғылыми-практикалық конференциялар • Семинар-практикумдар, дөңгелек үстелдер • Әдістемелік әзірлемелер, құралдар, ОӘК конкурстары • Кәсіптік шеберлік конкурстары • Педагогикалық идеялар фестивалі • Әдістемелік көрмелер бюллетеньдер |
• Жаңа бастаған оқытушылармен жұмыс • Тәлімгерлік • Оқытушылардың өз бетімен білім алу тақырыптарымен жұмыс істеуі • Жеке консультациялар, әңгімелесулер • Инновациялық әдістерді іске асыру • Ашық сабақстар және сабақстан тыс іс-шаралар өткізу • Біліктілікті арттыру курстары • Дидиактикалық материалды жүйелендіру • Әдістемелік әзірлемелерді,құралдарды рецензиялау • Шағын топтардың жұмыс және есептері. • Өзара оқу сабақтарына кіру |