Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Әдістемелік жоспарға сәйкес «Үздік оқытушы — 2020» байқауы 17 сәуірде қашықтан ұйымдастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығы «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы ереже басшылыққа алынып құрастырылған ережеге сәйкес қашықтықтан ұйымдастырылды.

Байқау мақсаты: педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтерді анықтау.

Байқауға колледж педагог қызметкері болып табылатын, кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар қызметкер қатысты. Байқауға ТӘК төрайымдары ұсынған алты оқытушы қатысты.

Байқауға қатысқан ұстаздар:

«Жалпы білім беретін пәндері» ТӘК оқытушылары:

Бисенгалиева Адеми Галымжановна. Қоғамдық пәндер оқытушысы.

Муратова Макпал Куашышбайқызы. Қоғамдық пәндер оқытушысы.

Тургаев Болат Бапарович. Химия және биология пәнінің оқытушысы.

«Қызмет көрсету саласы пәндері» ТӘК оқытушылары:

Бекеева Дидар Хамитовна. Математика пәнінің оқытушысы.

Еденова Индира Ескермесқызы. Математика пәнінің оқытушысы.

«Техникалық пәндері» ТӘК оқытушылары:

Байгиреев Серик Гаймоллаевич. Арнайы пәндер оқытушысы.

«Үздік оқытушы — 2020» байқауы сәуір айының 17 жұлдызында қашықтан өтті. Яғни материалдар қабылданып, сарапталып, үздік оқытушы анықталды.

Әділқазылар алқасы колледж әкімшілігінен құралды.

Әділқазылар алқасының құрамы:

Әділқазылар алқасының төрайымы: Крыжанова И.В — колледж директорының м.а.

Әділқазылар алқасының мүшелері:

Жиенбаева С.А.- директордың оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

Жайлаубаева Г.М. — директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары.

Сулейменова Б.К. — бөлім меңгерушісі

Токаева Э.М. — «Үздік оқытушы — 2019» байқауының жеңімпазы.

Сайыстың кезеңдерінде әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың кәсіби қызметтегі жетістіктерін төмендегі критерийлер бойынша бағалайды:

1) педагогтың кәсіби құзыреттілігі (біліктілікті арттыру, инновациялық білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (әзірлемелер, жарияланымдар, әдістемелік құралдар, БАҚ жарияланған мақалалар);

2) педагогтің өңірлердегі, республикадағы білім беруді дамытуға қосқан үлесі (білім беру жобаларын педагогикалық практикаға енгізу жұмыстары, қызметінің бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық идеяларды насихаттау, кәсіби іс- шаралар: олимпиада, ғылыми-практикалық конференция, семинар, байқау, сайыстарға қатысу жетістігі);

3) білім алушылар жетістіктерінің оң серпінінде көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (білім алушылардың пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы конкурстардағы жетістіктері);

4) педагогтің кәсіби шеберлігін және жеке тұлғасын бағалау (шығармашылық жетістігі, алғыс хат, мақтау қағаздар, дипломдар).

Оқытушы әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігі жеке қасиеттері (кәсіби шеберлігі, оқытушы жұмысының жүйесі, педагогикалық көкейкөздігі, ұйымдастырушылық қабілеттері және жаңашылдығы қаралады, 1 — 5 баллдық бағамен бағаланады)

Байқау 2 кезеңнен тұрды

«Үздік оқытушы» байқауының кезеңдері:

Бірінші кезең. «Мен және менің педагогикалық қызметім, ұстанымым» шығармашылық тұсаукесері. Ең жоғары ұпай саны  5.

Бағалау критерийлері:

Қатысушылар өзінің кәсіби қызметі, өзінің педагогикалық ұстанымы, әдістемелік тақырыпты іске асыру, тәжірибесін, ой-пікірін, оқу-тәрбие процесінде пән бойынша оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларын қолдануы, педагогтың кәсіби деңгейін көрсетуі, біліктілік арттыруы, кәсіби өсуі, әдістемелік немесе ғылыми-зерттеу тақырыбы мен бағдарламасын слайд және видеоматериалдармен сүйемелдеу, аудио-бейне құралдарын пайдалана отырып презентация құру.

Екінші кезең. Шеберлік сынып. «Менің инновациялық сабағым». Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып видео сабақ түсіру. Ең жоғары ұпай саны  5.

Бұл кезеңде сайыскерлер сабақ кезеңдерінің өзі таңдаған бір бөлімін көрсету қажет. Байқауға қатысушы оқытушының пән бойынша беретін видео сабақ төмендегідей өлшемдер бойынша бағаланады:

-өз пәнін жетік білуі, эрудициясы, педагогикалық әдеп;

-педагогикалық және әдістемелік шеберлігі;

-оқытудың қазіргі технологиясын пайдалануы, сабақтың жаңашылдығы;

-сабақтың мақсатын таңдау негіздемесі және технологиясы;

-сабақтың мақсатының қойылуы (нақтылық, дәлелділік, қолжетімділік,
өлшемділік).

— тақырыптың толық ашылуы, әдістемелік әдістердің ерекшелігі, ғылымилығы;

— педагогтың ақпарат көздерінің түрлі нысандарын пайдалануды ұйымдастыру қабілеті;

 білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану деңгейі;

«Үздік оқытушы — 2020» колледж ішілік байқауының 2 кезең материалдары

1.https://youtu.be/Z_n4pWeTf8c «Менің инновациялық сабағым». Еденова И.Е.

2.https://youtu.be/g00cWA2qR48 «Менің инновациялық сабағым». Бекеева Д.Х.

3.https://youtu.be/Wt_6xpQi9mk «Менің инновациялық сабағым». Бисенгалиева А.Г.

4.https://youtu.be/LDeNgrfpgUU «Менің инновациялық сабағым». Муратова М.К.

5.https://youtu.be/HUWStPISL-Q «Менің инновациялық сабағым». Байгиреев С.Г.

Байқау қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау:

Әділ қазылар алқасы қорытынды шығару, байқау жеңімпазына «Үздік оқытушы — 2020» атағын беру, «Шығармашыл оқытушы», «Жаңашыл оқытушы», «Зерттеуші оқытушы», «Ізденімпаз оқытушы» номинациясы дипломмен марапаттау.

Материалдар қаралып сарапталып, үздік оқытушы анықталды.

«Үздік оқытушы — 2020» байқауының жеңімпаздары

«Үздік оқытушы — 2020» байқауының жеңімпазы Бисенгалиева Адеми Галымжановна. Қоғамдық пәндер оқытушысы.

І — орын Муратова Макпал Куанышпаевна. Тарих, экономика және құқық негіздері пәнінің оқытушысы. Қоғамдық пәндер оқытушысы.

ІІ — орын Бекеева Дидар Хамитовна. Математика пәнінің оқытушысы.

ІІІ — орын Тургаев Болат Бапарович. Химия және биология пәнінің оқытушысы.

«Шығармашыл оқытушы» номинациясы дипломмен Еденова Индира Ескермесқызы. Математика пәнінің оқытушысы. «Жаңашыл оқытушы» номинациясы дипломмен Байгиреев Серик Гаймоллаевич. Арнайы пәндер оқытушысы.

«Үздік оқытушы — 2020» байқауының бағалау парағы

Ең жоғары ұпай саны  5

Оқытушының толық аты жөні

I кезең

«Мен және менің педагогикалық қызметім, ұстанымым» шығармашылық тұсаукесері

II кезең

Шеберлік сынып

«Менің инновациялық сабағым»

Барлығы

1

Муратова Мақпал Қуанышпаевна

21

24

45

2

Бисенгалиева Адеми Галымжановна

25

25

50

3

Тургаев Болат Бапарович

16

15

31

4

Бекеева Дидар Хамитовна

21

20

41

5

Еденова Индира Ескермесовна

17

-

17

6

Байгиреев Серик Гаймоллаевич

-

23

23