Арқалық политехникалық колледжінде әдістемелік жоспарға сәйкес "Биология сабағында модельдеу әдісі: белсенділік, еркіндік, шығармашылық" тақырыбында жоғары санатты биология пәнінің оқытушысы Нұрманбетова А.С. тәжірибе алмасу коучинг өткізді.
Биология сабақтарында модельдеу әдісін қолдану тәжірибесімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған коучинг оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу, модельдеу әдісі арқылы оқытудың тиімді оқыту жолдарын меңгерту болды.
Сабақтағы әдіс-тәсілдер байланысы, оның түрлері мен әдістерін топтық жұмыс арқылы оқытушылармен әр түрлі тапсырмаларды ұжымдасып бірге бірлесіп жұмыс жасау арқылы қызықты ұйымдастыра отырып, модельдеу әдісін тиімді пайдалану туралы әдістемелік ұсыныстар берді.