Арқалық политехникалық колледжінде Педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында колледж басшысы Карбозов А.К. қатысуымен педагог қызметкерлерімен кездесу өтті. Кадр бөлімінің меңгерушісі Жұмабаева Ж.К., әдіскер Жиенбаева С.А. Педагог білімін бағалауға орай келесідей түсініктер берді:
1. Педагогтер білімін бағалау (ПББ) - әдеттегідей тест тапсыру әдісі арқылы өтеді. ПББ тестілеуден босатылады: "педагог-шебер" - растау кезінде және 30 жыл немесе оданда көп жыл педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер;
2. Педагогтер ПББ өз пәнінен тапсырады ("педагог-модератор" - өз пәні+әдістеме), ал Өтпелі кезеңде Ұлттық Платформа толық жұмыс жасағанға дейін, яғни 2024 жылы, өз пәнінен және оқыту әдістемесінен 50 сұрақ бойынша тапсырады;
3. ПББдан құлаған педагогтерге екінші рет тапсыруға мүмкіндік беріледі (бірінші ақысыз);
4. ПББ өту барысында тапсыру тәртібін бұзған педагогтер тек 1 жыл мерзімде аттестаттаудан өтуге жіберілмейді (бұрын - 5 жыл болған);
5. Білім сапасын арттыру мақсатында ендігі жерде білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары мен әдіскерлерде ПББ өтетін болатыны түсіндірілді.
Заң жобасына оң көзқараспен қараймыз. Себебі, бұрын белгілі бір санатты алу үшін өз пәніңізбен қатар педагогика әдістемесінен де сынақ тапсыратынбыз, қазіргі заң жобасы бойынша тек өз пәнімізден тапсырып, өз білімімізді оқушылардың жетістігі арқылы көрсетеміз.
Заман талабына сай цифрландыруға көшуді негізге ала отырып, барлық жетістіктерімізді жоспарланып жатқан платформаға жүктеу арқылы ашықтыққа қол жеткіземіз.
Жаңа еңгізілген өзгертулер педагогтерге жасалған кезекті оңтайлы мүмкіндіктердің бірі деп білеміз! Ұстаздық жан-жақты, шығармашыл, жаңашыл болуды талап етеді. Осы тұста мемлекеттік аттестациялауда шығармашылық, спорт бойынша жетістіктердің ескерілуі бізді одан әрі шабыттандырды.
Педагогтерді аттестаттау қағидаларына енген жаңа өзгерісте өз мамандығының нағыз иесі атанатын ұстаздарға мол мүмкіндік беріп отыр. Тынымсыз, нәтижелі еңбек етсе, аз уақыттың ішінде "Педагог-шебер" дәрежесіне көтерілуге жағдай жасап отыр.
Әдіскер Жиенбаева С.А.