Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/11/2024  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы және "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында колледж кітапханашысы Мырзабекқызы Жанеркемен ұйымдастырылған "Кітап – сарқылмас рухани байлық" атты әдеби кездесу өткізілді. Бұл шарада оқырмандар Оралхан Бөкейдің "Атау-кере" романы мен Шәрбану Бейсенованың "Туған үйдің түтіні" әңгімелер жинағын таңдап, оларды талқылады.

Снимок_экрана_2024-11-08_в_12.06.40.png

WhatsApp_Image_2024-10-29_at_16.07.41_1.jpeg

WhatsApp_Image_2024-10-29_at_16.07.41.jpeg

Іс-шараға Арқалық қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция инспекторлары, полиция капитандары Аменов Алишер Жұманұлы мен Баязи Арман Жылкелдіұлы, сондай-ақ Арқалық ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының кіші жедел уәкілі, полиция сержанты Аманбай Ақжол Русланұлы және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенгалиева А. Г. қатысты. Кездесудің басты мақсаты — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейінің өсуіне жол бермеу. Шараның соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.
View the embedded image gallery online at:
https://apk.edu.kz/kz/biblioteka.html#sigProIdf20db3f72d
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы қаулы қабылданды.
View the embedded image gallery online at:
https://apk.edu.kz/kz/biblioteka.html#sigProId28fc77eb94

1 орын- ПК-11 тобы;
2 орын- Э-21 тобы;
3 орын ТО-11 және ОП-11 топтары иеленді.

Сонымен қатар, айтулы көрмеге белсене қатысқан білім алушылар алғыс хаттармен марапатталды!

 

View the embedded image gallery online at:
https://apk.edu.kz/kz/biblioteka.html#sigProId1051d3c65f

Изображение_WhatsApp_2024-09-16_в_12.24.37_3b58fbda.jpgИзображение_WhatsApp_2024-09-16_в_12.24.37_bc58d376.jpg

5 Қыркүйек тілдер күніне орай колледж кітапханасында «Тіл- сарқылмас қазына» атты әдеби- танымдық дәріс өткізілді. Дәрісте қазақ тілінің шығу тарихы, қолданыс барысы, оның қадір- қасиеті туралы айтылды. Айтулы шараға ОП-21 тобының білім алушылары қатысып, тіл туралы ақындардың өлеңдерін оқып, тілге қатысты мақал-мәтелдердің жалғасын айтып, қазақ тілі және әлем тілдері бойынша ақпараттар алды.

View the embedded image gallery online at:
https://apk.edu.kz/kz/biblioteka.html#sigProId732cac2cfa

12 қыркүйек күні "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында «Кітап – табыс мекені»тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көрме ұйымдастырылып, манандықтар бойынша оқулықтар, көркем әдебиет, тарихи және танымдық әдебиеттер, анықтамалар қойылды. Кітапхана қызметкері көрмеге шолу жасап,1 курс білім алушыларын жаңа басылымдармен таныстырды.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 10.27.33

 

WhatsApp Image 2023 09 13 at 10.27.33 1

 

WhatsApp Image 2023 09 13 at 10.27.33 2

WhatsApp Image 2023 09 13 at 10.27.34

«Өлең, мен сені аялап өтем ...» атты Фариза оқулары өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өтіп жатқан, қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсыноваың 80жылдығына арналған колледжішілік білім алушылар арасында «Фариза оқулары» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеті: ақын шығармашылығын насихаттап, оның әдеби-лирикалық өзгешеліктерін көрсете білу; - жас оқырманға ақын поэзияларының мән-мағынасын тереңінен түсіндіріп, олардың поэзияға, өлең оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру; - ақынның сөздеріне жазылған әндерін жандандырып, дәріптеу; Байқау үш бағытта: ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, Фариза апамыздың сөзіне жа¬зылған әндерді орындау және білім алушының шығармашылығын айқындау мақсатында ақынға арнап өлең шы¬ғару, қатысушылардың жақ¬сы дайындықпен келгенін көрсетті. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу қорытындысы бойынша І орын Ф-21 тобының білім алушысы Өмірзақова Эльмиры, ІІ орын ПК – 16 тобының білім алушысы Едресова Перизат, ІІІорын ОП -27 тобының білім алушысы Пилева Заира; Ақынның сөзіне жазылған әндерді орындау бағыты бойынша І орын¬ға П-11 тобының білім алушысы Абеусағит Толғанай ие болды. Білім алушылардың өз шығармашылығы бағыты бойынша ақынға арнап өлең жазу сайысынан І орын¬ды Ф-21 тобының білім алушысы Қожантаева Назерке, ІІ орынды Э-21 тобының білім алушысы Жуанышов Еламан, ІІІ орынды ТО-21 тобының білім алушысы Қуаныш Аман жеңіп алды. Сонымен бірге аталған байқау¬дың әр бағыты бойынша өз өнерлерін көрсеткен білім алушылар ОП-17 Нұрмұхамед Әлішер, Э-11 Дүйсембай Рүстем, Э-11 Алдажаров Нұрсұлтан, Э-11 Абилда Мерей, ТО-28 Рагатов Ерасыл, П-11Жылынбаева Райхан мен Мейзамбаева Алтын ынталандыру номинацияларымен марапатталды. Ғасырдан ғасырға өткен сайын жаңа қырымен жарқырай түсер, егемен еліміздің жас ұрпағының жаттап өсер жасампаз жырына айналар. Фариза біздің заманның, адамзаттың биік үлгідегі ақыны болып қалды. Қазақтың өр мінезді, асқақ рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.

Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Танымдық сағаттың мақсаты — жастарды Отанымызды сүюге, еліміздің ұлттық теңгемізді құрметтеуге уйрету.

«Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, сабақ барысында ОП – 17 тобының білімалушыларына төл теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат берілді. Сондай-ақ жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстырды.

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл (1989) толуына орай колледжіміздің № 1- 2 жатаханасында қаламыздың ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешіміздің мақсаты: Оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беріп, қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру.

Кеш қонағы Семей полигонында әскер қатарында болғана ардагер Жансейітов Сағымбай Нұрханұлы мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы білім алушыларға: «Семей сынақ полигоны - әлемдік қарулану бәсекесінің салдары. Жапонияда алғаш рет атом бомбасын жарған АҚШ-тың күштілігін мойындағысы келмеген КСРО өз бомбасын жасап, оны сынау үшін қазақ жерінде полигон ашады. 1991 жылы 29-тамызда еліміз үшін тарихи шешім қабылданды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл бойы ядролық сынақтар жүргізіп, қазаққа зор қасірет төндірген Семей полигоны жабылды. Бұл тәуелсіздіктің теңдесіз жеңісі...» - деп өз ойларын қорытындылады.Сонымен қатар тақырыпқа сай жасақталған кітап көрмесімен және білім алушылардың қолдан жасаған макеттерімен танысты. Содан соң білім алушылардың назарына «Семей полигонының зардаптары» атты видеоролик көрсетілді.

Дөңгелек столдың мақсаты: Ә. Қастеевтің өмір баяны, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Оның бойындағы өнерді дамытуға себепкер болған қасиеттерге тоқталып, білім алушыларға өзін тәрбиелеуге бағыт беру.

Кеш барысында Ә.Қастеевтің өмір баяны мен мұражайы туралы бейне баяндар көрсетілді. Әбілхан Қастеев ағамызға арнаған ӘбжанТәжібевтың «Художник Кастиеев» пен Исламғали Үркімбайұлының "Қылқаламның атасы" өлеңдерін Ф-21 тобының білім алушылары мәнерлеп оқып берді.

Кештің мақсаты: Ақынның сан қилы тағдырына шолу жасай отырып, өлеңмен өрілген өнегелі өміріне терең бойлау арқылы жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу, ана тілі мен мәдениетін жете біліп,поэзияны қастерлеуге , ақын өмірінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп,Мағжан Жұмабаев өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Кеш барысында ақынның ұлтын, туған жерін жан жүрегімен елжірей сүйіп жазған өлеңдерін студенттер өз нақышына келтіре оқып берді. Оқырмандар назарына «Мен кім?», «Анама», «Қазақ тілі» , «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Алдамшы өмір» , «Сағындым», «Туған жерім – Сасықкөл» , «Өмір» өлеңдерін Болатбай Мәдина, Сапарғали Тоғжан, Әділхан Ақару, Байқула Елжас, Дәулет Ұлжан, Кенжебек Айсұлу, Қабылдин Нұрсұлтан оқыса. «Батыр Баян жазылуы туралы естелік» деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар М.Жұмабаев туралы айтылған пікірлерді бейнежазбадан тамашалады. Кеш соңында ОП-37 тобының студенті Өтеулі Ғасыржанның орындауында «Мен қазақ» патриоттық әнімен аяқталды.

Сәуір айының 13 күні «Алаш» партиясының 100 жылдығына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тарихи кездесу кеші өтті. Кешке Жанкелдин ауданының тұрғыны және зейнеткер Орекен Алматов және Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Алма Жақсылыққызы мен Зайра Сансызбайқызы шақырылды. Кештің басты мақсаты білім алушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Наурыз айының 10 күні Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 1-2 курстің білім алушыларына түсіндіріліп, талқыланды. Директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Байдрахманова мен МЗ-13 тобының білім алушылары Болатбай Мәдина, Жанайқызы Ақмоншақ және Кенжебек Айсұлу жолдау жөнінде өз ойларын айтты.

Ақпан айының 23 жұлдызында “Қазақтың аяулысы перизаты, Өшпейді ешқашанда Фариза аты!” атты ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын еске алу кеші өтті. Кештің негізгі мақсаты – мәңгілік болашақ ұрпаққа өшпейтін із қалдырған ақынның мұрасы, маржан поэзиясымен таныстыру, ақын өлеңдері және әндері арқылы әсемдікке, елжандылыққа, білім алушылардың ой-өрісін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. ОП-17, П-11, ПУ-23,МЗ-13, ЭМ-12 студенттері ақын жайлы жазылған естеліктер мен өлеңдерін оқып, Фариза апамыздың сөзіне жазылған әсем әндерін шырқады.

Ақпан айының 14 күні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, поэзия сардары, «қалың елі қазағының» өлшеусіз махаббатына бөленген армансыз ақын, халқының қара өлеңін құдіретке айналдырған Мұқағали Мақатаевтың 86 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке ТО-18, МЗ-13, П-11, ОП-27, ЭМ-02 топтарының білім алушылары мен топ шеберлері Бөлтірікова Гүлжаухар, Смайлова Жанат және көрермендерден Хабай Темірұлан Сейсенбайұлы, Қалдарбек Мадияр қатынасты. Кеш өте мағыналы, әсерлі өтті. Ақынның өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырылды. Қатынасушылар өз өнерлерін көрсетті.

Желтоқсан айының 15 жұлдызында “Тәуелсіздік - тұғырым” атты 16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында “Ар – намысым, Қасіретім, Қуанышым – желтоқсан” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Page 1 of 2