«16 күн зорлық-зомбылықсыз» халықаралық акция аясында Арқалық политехникалық колледжінің «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік жоспарына сәйкес 29 қараша күні Арқалық қаласы прокуратурасының прокуроры Ачканов Арман Байтұрсынұлымен 1 курс білім алушыларына арналған құқық бұзушылықтарды анықтау мәселелері бойынша түсіндіру дәрісі өтті. Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернеттегі қауіпсіздік, қылмыстың алдын алу, нашақорлықтың алдын алу мәселелері қозғалып, білім алушыларға ақпараттар беріліп, тақырып бойынша деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар білім алушыларда өздерін мазалаған сұрақтарына да толық жауап алды.