29 қараша күні “5 желтоқсан - Халықаралық еріктілер күніне" орай Жастар ресурстық орталығы ұйымдастыруымен Арқалық политехникалық колледжінің “Жүрек жылуы” еріктілер тобы ”Арқалық - таза қала” эко акциясына белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның мақсаты: қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қаламыздың көркеюіне өз үлесімізді қосу.
Эко-акцияға қаламыздың басқа да колледж студенттері ат салысты.
Қатысқан оқу орындарына Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар берілді.
Табиғатты қорғау - болашақты ойлау. Әрқашан қаламыздың тазалығын сақтап жүрейік.
#біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministrligi
@medetbekovameruert
@kost__bilim