2024-2025 оқу жылының аясында 23 қазан күні Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында Республика күні мен Кітапханашылар күніне орай «Байтақ елім – Қазақстаным!» атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны орталық кітапхана қызметкерлері өткізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың Қазақстан жайлы ой-пікірлерін білу және жастардың өз еліне деген патриоттық сезімін қалыптастыру болды. Сондай-ақ қатысушылар ата-тегін, ұлттық дәстүрлер мен елдің құндылықтарын бойына сіңіріп, рухани дамуға бағытталды.
Кездесу барысында білім алушылар өз ойларын еркін жеткізіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайта түсті. Сонымен қатар, олар Қазақстанның тарихын тереңірек зерттеп, жаңа білімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алды.
17 қазан күні Арқалық политехникалық колледжінің № 1 жатақхана білім алушылары “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында (“Еңбегі адал жас өрен”) жобасы негізінде “Алтын күз - 2024” атты күзгі егіннің табиғи материалдары мен көркем сыйларын пайдалана отырып, қолөнер бұйымдарынан көрме жасады.
Бүгін Арқалық политехникалық колледжінің № 1 жатақхана білім алушылары “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” акциясына қатысып, жатақхана аумағын тазалады.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға ана тілінің маңызын түсіндіру, олардың тіл туралы ой-пікірлерін білу. Сонымен қатар, шет тілдерін, әсіресе ағылшын және орыс тілдерін меңгерудің қажеттілігін түсіндіріп, бірақ қарым-қатынасты өз ана тілімізде жасауға баулуға, рухани және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға назар аудару болды. Шара барысында қатысушылар өз ойларын ашық жеткізіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырды және ана тілін терең зерттеу мүмкіндігіне ие болды.
2024-2025 оқу жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласының жастарына арналған Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында қыркүйек айында Арқалық қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Қуанышбек Ернұр Жасұланұлының қатысуымен "Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы" атты іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға құқықтық білім беру, олардың заңды құқықтарын терең түсініп, салыстырып, күнделікті өмірде қолдануды үйрету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы олардың саяси санасы мен танымдық белсенділігін дамыту. Сондай-ақ, еліміздің Ата заңын және басқа да заңдарды құрметтеуге тәрбиелеп, патриоттық рухты нығайту болды. Шара барысында білім алушылар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, жаңа біліммен бөлісті.
2024-2025 оқу жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында оқитын жастар үшін Арқалық политехникалық колледжінің №2 жатақханасында қыркүйек айының 25-і күні Арқалық қаласындағы "Мұхтасиб Әлмұхаммед" мешітінің бас имамы Бақтыбай Нұрхан Асанұлының шақыртуымен "Иман – жүрек айнасы" атты рухани-мәдени іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа дініміздің құндылықтарын тереңірек таныту, қоғамды тәрбиелеуде Ислам дінінің маңыздылығын түсіндіріп, оның асыл құндылықтарын өмірде дұрыс қолдануға баулу. Шара барысында білім алушылар өздерінің ғылыми және діни сауаттарын арттырып, білім алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Бүгін Арқалық политехникалық колледжінің №1 жатақханасында, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – халықтың қазынасы» атты «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері Смагулова Жазира Кабдоллаевнамен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты, студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру. Кездесуде Жазира Кабдоллаевна студенттерге қызықты ойын түрлері арқылы студенттердің ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту арқылы жұрт алдында еркін сөйлеуге баулыды.
Кездесу соңында №1 жатақхана меңгерушісі Г.А Қоқашова сөз сөйлеп, директордың алғыс хатымен марапаттады.
Аркалык политехникалық колледжінің жатақханасы 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Жатақхана ғимараты жалпы 272 орынға арналған. Жатақхананың әр бөлмесінде, екі және төрт студенттен тұратын бөлмелер қарастырылған. Жатақхананың бірінші қабатында жатақхана меңгерушісінің кабинеті, дәргерлік бөлме, мәжіліс залы 2 жуынатын бөлме (душ) бөлмесі, кір жуатын бөлме, орналасқан. Жатақхананың әр қабатында ас дайындайтын бөлме, кір жуатын бөлмелер және теледидар тамашалауға арналған демалыс залы, оқу залы , тәрбиеші бөлмелері орналастырылған.