Күн тәртібінде 2024 жылғы Қамқоршылық кеңесінің жұмысының нәтижелері қаралып, кеңестің келесі жылға арналған жоспар жобасы ұсынылды. Сондай-ақ, 2025 жылы колледждің білім беру жүйесін дамытудағы басым бағыттар талқыланды. Қамқоршылық кеңес отырысына қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы Жұманов қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.