16 қаңтар күні Арқалық политехникалық колледжінде «Ерте жуктіліктен сақтану жолдары және жұқпалы инфекцияның алдын алу» тақырыбында колледж жалпы қыз балаларымен кездесу өтті. Кездесуде қаламыздың қалалық өңірлік ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Айдана Нұрбекқызы және жоғары санатты акушер Жадыра Мұхтарқызының қатысуымен тақырып төңірегінде көптеген сұрақтарға жауап берілді.