«Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК,
өндірістік оқыту шеберлері Т.М. Ахмет және Н.Б. Әлімжан
03-21.10.2022ж аралығында Арқалық политехникалық колледжі қабырғасында «Talap» КЕАҚ «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогі: еңбек функцияларын жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс барысы екі бөлімнен тұрды: теориялық және тәжірибелік. Курс жетекшісі Г.М. Утегенова өз тарапынан барлық ақпаратты тыңдаушыларға жеткізді. Аталған курста оқытушылар оқытудың жаңа технологиясының бірі BOPPPS моделін меңгерді.
Курстан алған білімі мен тәжірибесін ұштастыра отырып өндірістік оқыту шеберлері Т.М. Ахмет және Н.Б. Әлімжан әдістемелік кеңесте «BOPPPS» технологиясын оқу барысында қолдану: тиімділігі және өзектілігі» тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып мақсаты колледж оқытушыларына BOPPPS моделінің алты компонентін таныстыру және тәжірибе алмасу.
Шебер сынып барысын тренингпен бастап, қатысушы оқытушыларға көңілді атмосфера сыйладық. Сабақ жоспарына сәйкес «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Түйме қадау түрлері» тақырыбын ашу мақсатында алғашқы «Көпір құрастыру» компонентін бейне-ролик көрсету арқылы сабақ тақырыбын аштық. Кезекті комоненттерді түсіндіре отырып, тәжірибелік түрде қорытындыладық. Қатысушы топтар BOPPPS технологиясының мақсаты бойынша белігілі уақыт аралығында түйме қадау жолдарын меңгерді. Шебер сынып соңында BOPPPS моделіне ассоцация жасалу арқылы, «ПОПС» технологиясымен кері байланыс орнатылды. Шебер сынып өте тартымды, қызықты және жаңашыл бағытта өтті.
https://apk.edu.kz/kz/uchebno-metodicheskaya-rabota/692-boppps-tekhnologiyasyn-o-u-barysynda-oldanu-ti-md-l-g-zh-ne-zekt-l-g.html#sigProId3750e0ba84