Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

05/07/2024  Жұма
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Колледж директоры бекіткен және білім басқармасымен келісілген «Жұмыс берушілер күні» іс-шарасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес колледжде 15.11.2022 ж. «Жұмыс берушілер күні» атап өтілді. Іс-шараға колледждің басшы кәсіпорны болып табылатын «Алюминстрой» ЖШС, дуалды оқытуға қатысушы кәсіпорындар «Алюминстрой» ЖШС, «Қостанайоңтүстікэлектросервис» КМК, «Арқалық жылу энергетикалық компаниясы» МКК және де кадрларды мақсатты даярлауға қатысатын кәсіпорындар (ҚОЭС, Алюминстрой), колледжбен ынтымақтасуды жоспарлайтын кәсіпорындар, колледждің әлеуметтік серіктестері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері,  БАҚ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысты. Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы оқу кабинеттері, шеберханалар мен зертханаларды аралап қараудан басталды, онда жұмыс берушілер колледждің материалдық - техникалық базасымен танысты. Бірінші қабатта педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық, әдістемелік және зерттеу бағыттарындағы жетістіктерінің көрмесі ұсынылды. Мәжіліс залында педагогтар мен білім алушылар диалогтық алаңда жұмыс берушілермен қызығушылық тудыратын және ойларында жүрген көкейкесті сұрақтарын қойды. Көптеген қызықты сұрақтар болды, мысалы: «Жұмысқа орналасу кезінде сіз дипломдағы бағаларға қарайсыз ба?», «Мансаптық өсу сіздің кәсіпорында нақты жолға қойылғанба?», «Академиялық дербестік шеңберінде колледждің жұмыс берушімен өзара іс-қимылы сізге не берді?», «Сіздің кәсіпорында оқу сыныбын ұйымдастыру мүмкін бе?». Кәсіпорындар өз жұмыс тәжірибесінен жетістіктер мен даму перспективалары туралы бейнематериалдар, презентацияларды ұсынды. Жұмыс беруші күнінің маңызды сәттерінің бірі «Үміт» ЖШС тігін цехымен директоры Е. Е. Саликовтың атынан ынтымақтастық туралы шартқа қол қою болды. Кездесу соңында алғыс хаттар табысталды: - ҚР Оқу - ағарту министрлігінің алғыс хатымен «Алюминстрой» ЖШС директоры, колледждің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы А .К. Муканов, «ҚОЭС» КМК басшысы, Индустриялық кеңестің төрағасы С. Г. Жетпісбаев, - Білім басқармасы  алғыс хатымен «АЖЭК» МКК басшысы К.С. Бирназаров, колледж директорының алғыс хаттарымен: «Перделер» ательесінің әкімшісі Г. К. Акпарова, «Еденова» ЖК, «А. А. Омарова» ЖК, «Сәт» полиграфиясының жетекшісі Т. М. Қурманов марапатталды. Іс-шара білім алушылардың ән шашу құттықтауларымен аяқталды.

Согласно программе проведения мероприятия «День работодателя» утвержденной директором колледжа и согласованной с Управлением образования проведен 15.11.2022 г «День работодателя»

Участниками мероприятия были:

- шефствующее предприятие колледжа ТОО «Алюминстрой»,

- предприятия участники дуального обучения: ТОО «Алюминстрой», КГП «Костанайюжэлектросервис», ГКП «Аркалыкская теплоэнергетическая компания»

 - предприятия участвующие в целевой подготовке кадров (КЮЭС, Алюминстрой),

 -  предприятия планирующее сотрудничать с колледжем,

 -  социальные партнеры колледжа,

 - представители местных исполнительных органов, СМИ, представитель Региональной палаты предпринимателей «Атамекен».

Встреча с работодателями началась с экскурсии по учебным кабинетам,   мастерским и лабораториям, где работодатели ознакомились с материально - технической базой колледжа.

 На первом этаже была представлена выставка достижений педагогов и обучающихся творческого, методического и исследовательского направлений.

В актовом зале прошла встреча на диалоговой площадке педагогов и студентов с работодателями по интересующим их вопросам и темам. Много было интересных вопросов таких, как: « При приеме на работу, смотрите ли вы на оценки в дипломе?», «Карьерный рост – это реальна на вашем предприятии?» , «Что вам дало взаимодействие колледжа  с работодателем в рамках академической самостоятельности?», «Организация учебного класса на вашем предприятии возможна?».

Свой опыт работы работодатели представили  в виде презентаций, видеороликов.

Одним из важных моментов Дня работодателя было подписание договора о сотрудничестве со швейным цехом ТОО «Умит» в лице директора Саликова Е.Е.

Особенно приятным  было награждение благодарственными письмами работодателей:

- Министерства просвещения РК – директора ТОО «Алюминстрой», Председателя попечительского совета колледжа Муканова А.К., руководителя КГП «КЮЭС» - председателя Индустриального совета Жетписбаева С .Г. ,

- Управление образования – руководителя ГКП «АТЭК» Бирназарова К.С.,  

- благодарственными письмами колледжа были отмечены:

администратор ателье «Перделер» Акпарова Г.К. , ИП «Еденова»,ИП «Омарова А.А», руководитель полиграфии «Сәт» Курманов Т.М.

Мероприятие завершили музыкальными поздравлениями от студентов.