Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

21/08/2025  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Меню

Погода при отмене занятий

Баннеры

Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
📍 Мекенжайы: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай көшесі, 112
📞 Телефондар: 8 (71430) 7-59-83, 7-61-77
📧 Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бос лауазымдар:

Өндірістік оқыту шебері – 4 штаттық бірлік
Келесі мамандықтар бойынша:
• 10130300 — «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
• 10120100 — «Шаштараз өнері»
• 07230100 — «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»
• 07190100 — «Электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша)»
💰 Еңбекақы мөлшері: 145 115 теңгеден 167 414 теңгеге дейін (жұмыс өтілі мен біліктілігіне байланысты)

Функционалдық міндеттері: 

  • Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді; 
  • Сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
  • Еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
  • Білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
  • Топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
  • Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
  • Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
  • Технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
  • Оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;
  • Білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
  • Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді.
  • Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім (өтіл талап етілмейді);
  • Жоғары біліктілік санаты болған жағдайда — мамандығы бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілі;
  • Педагогикалық біліктілік санаттары бар үміткерлерге:
    • Педагог-модератор — кемінде 2 жыл;
    • Педагог-сарапшы — кемінде 3 жыл;
    • Педагог-зерттеуші — кемінде 4 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

🗓️ 2025 жылғы 20 тамыздан 28 тамызға дейін

Қажетті құжаттар (электронды немесе қағаз түрінде):

  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш (15-қосымша нысан бойынша);
  • Жеке басын куәландыратын құжат (немесе цифрлық құжат);
  • Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжай мен байланыс телефондары көрсетілген), фото қоса тіркеледі;
  • Білімі туралы диплом көшірмесі;
  • Еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  • №075-У нысанындағы медициналық анықтама;
  • Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  • Наркологиялық диспансерден анықтама;
  • Сертификаттау нәтижесі туралы сертификат (болған жағдайда);
  • Жеке деректерді өңдеуге келісім (17-қосымша нысан бойынша);
  • Біліктілік санатын растайтын құжат;
  • Өндірісте кемінде 2 жыл еңбек өтілі бар педагогтар сертификаттаудан босатылады;
  • Еңбек өтілі жоқ үміткерлер үшін бейнепрезентация (кемінде 10 минут, 720x480 рұқсаттылықтан төмен емес);
  • Қосымша материалдар: кәсіби жетістіктер, марапаттар, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар, тиімділік көрсеткіштері (болған жағдайда).

Ескерту:

Еңбекақы мөлшері үміткердің біліктілік санаты мен еңбек өтіліне байланысты өзгеруі мүмкін.

Конкурс бойынша байланысатын тұлға:

Кадр бөлімі меңгерушісі
Жұмабаева Жұлдыз Қуанышбайқызы
📱 8 775 768 24 79
☎ 7-61-77