Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

03/09/2026  Бейсенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Меню

Погода при отмене занятий

Баннеры

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы, 110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай қаласы, 112-үй, телефон: 8 (71430) 7-59-83, 7-61-77, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бос лауазымы: Жастар ісі жөніндегі инспектор 1 бірлік жалақысы айына 148300 теңгеден 163150 теңгеге дейін.

      Лауазымдық міндеттері:

  • басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісілген оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады;
  • білім беру ұйымдарының барлық алқалық органдарының жұмысына қатысады.
  • жастардың қызметіне қатысты мәселелерді қарайды, студенттік бірлестіктердің баяндамаларын, есептерін тыңдайды;
  • мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;
  • студенттердің мүдделерін қозғайтын білім беру ұйымдарының ережелерін, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысады;
  • студенттердің тұрмысы мен демалысын ұйымдастыруға қатысады;
  • студенттердің мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге қатысады;;
  • студенттердің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысады;
  • білім беру ұйымының жастар ісі және қоғамдық өмір комитетінің қызметіне белсенді қатысатын студенттерді оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  • студенттердің ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен үй-жайларын пайдалану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • білім беру ұйымының басшылығына студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді;
  • оқудан тыс іс-шараларды жоспарлауға, дайындауға, өткізуге және талдауға тікелей қатысады;
  • білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізеді;
  • жастар ісі жөніндегі комитетке оқуға түсетін студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды;
  • студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
  • студенттердің демалуына жағдайлар жасауға жәрдемдеседі;
  • ТжКБ ұйымдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар мен мекемелер басшыларының алдында студенттердің мүдделерін білдіреді және қорғайды;
  • студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамытуға ықпал етеді;
  • жастардың волонтерлік қызметін дамытуды үйлестіреді;
  • білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Білуге тиіс:

 "Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы", "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" заңдары";

  • білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
  • педагогикалық этиканың нормалары;
  • педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;
  • қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
  • басқарудың инновациялық әдістері;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымындағы педагог-шебер үшін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

      білім алушылармен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өз бетінше ұйымдастыра алады;

      2) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      студенттермен жұмысты ұйымдастыру формаларын меңгерген, жастар проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысы болуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануы;

      3) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгерген;

      4) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгерген.