Мерекелік жиынға колледжіміздің ардагер ұстаздары, білім алушылардың ата-әжелері, жұмысшы мамандығы бойынша зейнетке шыққан қариялар және аналар орталығының мүшелері қатысты.
Іс-шара барысында колледж директоры құттықтау сөз сөйлеп, ардагер ұстаздарымыз бен зейнеткерлерге ізгі тілектерін жеткізді. Ерекше құрмет көрсетілген қонақтардың қатарында көпбалалы ана, "Алтын алқа" иегері Әбдешова Алмагүл апа және білім беру саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ұстаздар Г.Б. Сейтқалиева мен А.Ш. Махатов болды. Олар да өздерінің жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.
Концерттік бағдарламада колледж белсенділері өнер көрсетті, қарттарға ерекше сый-сияпат көрсетіліп, оларға үлкен құрмет жасалды. Іс-шара соңында мерекелік шай ұйымдастырылып, қариялар өздерінің жылы тілектерін айтып, қуанышты күйде тарқасты.