Арқалық политехникалық колледжінде 5 қыркүйек күні «Қазақстан халқы тілдері» мерекесі және «Біртұтас жалпыұлттық тәрбие» бағдарламасы аясында, «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз!» атты мерекелік ашылу жиыны өтті. Жиында колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары К.Г. Едресова білім алушыларды құттықтап, мереке қарсаңында өткізілетін шаралармен таныстырды. Негізгі мақсат, жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, оны сүюге, ардақтай білуге тәрбиелеу. Жиында әр ұлттың білім алушылары өз тілдерінде өлең оқып, күй мен ән орындалды.