2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" болып жариялануына орай, Арқалық политехникалық колледжінде салтанатты іс-шара өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы, әлеуметтік серіктес «Қостанай оңтүстік электр жүйесі» КМК техникалық директоры Сағындықов Уалихан Қыдырұлы және "Аманат" партиясы қалалық филиалының төрағасы Тасмағанбетов Сабыржан Нұрсаліұлы қатысып, колледж ұжымын жылы лебіздерімен құттықтады. Салтанатты жиын барысында білім алушыларға "Жұмысшы мамандықтар жылының" маңызы мен оның қоғамдағы рөлі туралы кеңінен мағлұмат берілді.