Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

19/04/2025  Сенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

13 наурыз күні Арқалық политехникалық колледжінде қала мектептерінің 9-сынып оқушыларына арналған "Болашақ осы жерден басталады: Мамандық таңдау және табысқа жету жолы" атты Ашық есік күні өтті.

Іс-шараға №1, №3, №4, №8 және №10 орта мектептерінің оқушылары қатысып, болашақ мамандықтарын таңдау және колледжде білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Бағдарлама аясында қатысушылар:

- оқу орнының тарихы мен мүмкіндіктері туралы толық мағлұматпен танысты;
- колледждің оқу ғимараттарын аралап, олардың жабдықталуын көрді;
- ұсынылатын мамандықтар мен олардың артықшылықтары жайлы ақпарат алды;
- белсенді студенттердің өнер көрсетуін тамашалады.

Ашық есік күні оқушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға және білім алу жолындағы маңызды қадамдарын анықтауға көмектесті.