8 қараша күні Арқалық политехникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында "Саналы ұрпақ" студенттер үйірмесінің ұйымдастыруымен "Жастар Жемқорлыққа қарсы" атты слет өткізілді. Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты әртүрлі формада, соның ішінде көрсетілімдер мен флешмоб акция арқылы шығармашылықпен ұсынды. Нәтижесінде әр топқа орындар тағайындалды.