Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Арқалық политехникалық колледжі

18/10/2025  Сенбі
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Меню

Погода при отмене занятий

Баннеры

Колледж миссиясы: Еңбек нарығының заманауи талаптарына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау

Жаңалықтар

Желтоқсан айының 19-23 күндер аралығында «Біз біргеміз! Тамаша!» тақырыбында «25 жетоқсан - Психолог күніне» арналған бірнеше іс-шара ұйымдастырылып өтті. Апталықтың мақсаты: психологиялық қызметті насихаттау, педагог-психологтардың жұмысын жандандыру, студенттік ұжымның бірігуіне ықпал ету және колледж білім алушылары мен оқытушыларының психологиялық жайлылық деңгейін анықтау.
«Күлімде» акциясы Психология апталығын ашты. Ол алғаш рет өткізіліп, колледжде қолайлы эмоционалдық ахуал қалыптастыруға, жағымды эмоциялар алуға бағытталған болатын.
Колледж фойесінде «Психология әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда оқырмандар арасында сұранысқа ие қазақстандық және шетелдік психологтардың ең танымал басылымдары жинақталған. Көрмеге келушілер іскерлік және отбасылық қарым-қатынас психологиясына арналған кітаптарды да оқи алады. Олардың көмегімен білім алушылар қарым-қатынас әдістерін меңгере алады және осы саладағы мәселелерді тиімдірек шешуге мүмкіндік беретін практикалық ұсыныстар мен кеңестер алады.
Күн сайын колледж холлында «Ақылды ой мен тілектер бұрышы», «Жақсы тілектер ағашы» атты плакаттар ілінді, оған білім алушылар мен оқытушылар өз тілектерін жазды. Сонымен қатар, логикалық тапсырмалар, психологиялық жұмбақтарды шешуге арналған «Ең ақылды» атты айдары болды.
№1-2 колледж жатақханаларында білім алушалармен «Біздің эмоция мен көңіл-күйіміз» ааты тренинг өтті. Сонымен қатар білім алушыларға позитивті бейнероликтер көрсетілді.
1 курс білім алушаларға, яғни Э-11 және ТО-21 топтарында «Мені түсінесін бе?» тренингі өткізілді, оның мақсаты: бір-біріне мейірімділік таныту, жасөспірімдерді біріктіру, жағымды эмоционалды тәжірибе жинақтау, топ құру.
«Біз – ең позитивті топ!» фото-акциясы бірнеше колледж білім алушылар қатысты. Акцияның шарты: білім алушылар өз топпен бірігіп, көңілді фото жасап, педагог-психологқа ұсынды. Қорытындысында жеңімпаздар алғыс хатпен және тәтті сыйлықпен марапатталды.
Аптаның соңғы күнінде «Колледжге тілегіңіз» акциясы өткізілді. Білім алушылар колледждегі білім беру жағдайын жақсарту мақсатында өздерінің жақсы пікірлер мен ұсыныстарын жазды

Директордың жолдауы


КАРБОЗОВ
Алмас Калтаевич

Директор, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі бірінші санатты

 

Құрметті талапкер!

Арқалық политехникалық колледжі Қостанай облысында техникалық және кәсіптік білім беруде жетекші оқу орындарының бірі.

Арқалық политехникалық колледжіне студент болу – құрметті және жауапты іс.

Сіздердің алдарыңызда болашаққа жол ашылады. Сізге қызықты жастар жобаларына қатысуға оқытушылардың жетекшілігімен ғылыми – зерттеу, тәжірибелік зерттеулер жүргізуге және оларды нақты өмірде жүзеге асыруға мүмкіндіктер туады.

Мен болашақта, сұранысқа ие мамандықтарды аяқтаған біздің студенттер еліміздің экономикасын жоғары технологиялық салаларда серпім беріп, қамтамасыз етеді деп үміттенемін.

Алдағы уақытта батыл жаңашылдықтар және жеке жетістіктеріңіз көп болатынына сенемін. Жаңа оқу жылы өмірде лайықты орын табуға, негізгі мақсаттарға қол жеткізуге жол ашсын деп тілеймін.


Қабылдау күн:

сәрсенбі 16:00-17:00

бейсенбі 16:00-17:00

Видео о нас

Казахстан - Страна Великой Степи