20.05.2021 ж. қаламызда Арқалық политехникалық колледжінің білім алушылары "Таза қала" акциясын ұйымдастырды. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты қаламыздың барлық ластанған аумағын қоқыстан тазартып, жастарымыздың экологиялық мәселелерге белсене ат салысып, табиғатымызды қорғай отырып, қоғамның дамуына зор үлесін қосу, әрбір адамның өз парызы ретінде жалпы міндеті екенін насихаттау болып табылады.
"Тазалық – денсаулық кепілі» деп халқымыз бекер айтпағанын түсінген топ жетекшілерімен колледж білім алушылары, "Жүрек жылуы" еріктілері бірлесе қаламызды қоқыстан тазалауға белсене кірісіпте кетті, акцияға шыққан 7- топ жеребе арқылы өздеріне бөлінеген жерлерін бар ынталарымен қоқыстан тазартуға кірісті! Қала – ортақ үйіміз! Сондықтан сүйікті қаламыздың көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей – жай қарамай қоқыс қалдықтарын кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға, жалпы қоғамның назарына қала көшелерінің тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор екенін насихаттау жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындарына "Жүрек жылуы"еріктілерінің атынан жадынамалар таратылды. Әр топ, өз топ жетекшілерімен бірге жұмыла жұмысқа кірісіп, нәтижесінде көрсетті, жастарымыз дың ерен еңбегін көріп, бағалаған қала тұрғындары жастарымызға ыстық лебіздерін айтып алғысқа бөледі! Барша қала тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!
Гүлдене бер арайлы Арқалық!!!
"Жүрек жылуы" еріктілер ұйымының жетекшісі:
А. Х. Байжумина