Даналықтың алтын кілті - ата-бабаларымыз. Ата жолын жалғап келе жатқан бүгінгі күнгі ақсақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар төл мерекесіне орай Арқалық политехникалық колледжінің еріктілер тобы «Қарттар – біздің асыл қазынамыз» акциясын өткізді. Акция барысында қаламыздың 1-мамыр және Жангелді көшелерінде тұратын зейнеткерлер Шаймурзаков Күмісбек, Популов Мехайл және Виктор Степановичтың үйлеріне барып көмек көрсетті. Аталмыш акция аясында ауланы жинастыруға және үй шаруасына тұрмыстық көмек көрсетілді. Өткізілген акцияның тағы бір мақсаты – жастардың назарын қарттарға аударып, игі шаралар жасауға итермелеу болып табылады.
Арқалық политехникалық колледжінің жастар саясаты бөлімінің жетекшісі Ахмет Т.М