Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

05/10/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Алдын-ала жасалған ереже бойынша 30 қазан 2018 жылы Арқалық политехникалық колледжінде «жылдың үздік шебері 2018» сайысы өтті.Сайысқа 12 өндірістік оқыту шеберлері өз шығармашылық еңбектерінің нәтижелері бойынша жарысқа түсті.Шеберлердің тақырыптары:Абдрахманова С.Ж. «Курстық жұмыс жазу бойынша әдістемелік ұсыным», Алекешов Ғ.Х. «Сабақтан тыс өндірістік оқыту» , Бикеева Д.Х. «MS Power Point бағдарламасында оқытушының электрондық портфолиосын жасау» , Ельясова М.Ж. «Шаштараз - модельер мамандығы бойынша өндірістік оқытуды ұйымдастыру», Жапаргалиева А.Ж. «Ата-анамен жұмыстағы тренинг»,Калиев Е.Қ. «Дәнекерлеушінің сөздігі» , Қалжанов Н.А. «Жас конструктор үйірмесін ұйымдастыру»,Смагулов К.Е. «Жаңа маман дайындап шығамыз», Торғайбайұлы Д. «Өндірістік тәжірибені жоспарлау және ұйымдастыру» , Ахмет Т.М. «Бірінші курс білім алушыларын оқуға бейімдеу», Еденова И.Е. «Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру», Хасенова С.С. «Зертханалық-сарамандық жұмыстарды өткізу бойынша әдістемелік ұсыныс» .Сайыс болғандықтан жеңімпаздар да болуы шарт. Әділқазылар алқасының төрағасы колледжіміздің құрметті зейнеткері Шакенов Ж,Н, мүшелері директордың орынбасарлары болды.

Нәтижесінде:

I орын «жыл шебері 2018» Қалжанов Н.А.

II орын Хасенова С.С.

III орын Еденова И.Е.