Оян қазақ! Өз дініңді ұмытпа,
Дініңді сен ардақтаған, құнтта!
Көз алдында тура жолың тұрғанда,
Қателесіп жаман жолмен былықпа! деген ұлт зиялысы, ел жаңашыры Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ!» атты өленінің мына бір жолдарын басшылыққа ала отырып Арқалық политехникалық колледжінде «Жастар – діннің тірегі» тақырыбында арнайы мамандармен кездесу өткізілді. Себебі, әлемде болып жатқан терроризм көріністерінің басым бөлігі экстримизммен байланысты болып жатқандығын көзіміз көріп отыр. Бұл келеңсіз жағдайдың көріністері, өкінішке орай біздің тәуелсіз мемлекетімізде де кездесіп қалады. «Батпаңдап кіріп, мысқылдап шығатын» аурыдың алдын алу мемлекеттік деңгейде де сөз болуда. Бұған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жарыса үн қосуда. Кездесудің қадірлі қонақтары Арқалық қалалық мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы мен мешіт ұстазы Бахытбек Сәндібекұлы білімалушылардың көкейіндегі жүрген сұрақтарға жауаптарын берді. Айта кететін болсам дін және діни бірлестіктер деген не, дәстүрлі дінді дәстүрлі емес діннен қалай айыруға болады, секта деген не, сектаға түсу жолдары қандай, адамдар не себептен диструктивті діни ағымдардың ықпалына түседі деген сұрақтар толық қарастырылып, білімалушылар да өз ойын ортаға салды. «Жастар – діннің тірегі» атты кездесудің мән-мәнісі өте зор деп ойлаймын. Өзге діннің алдауына түсіп, жылан алдаған торғайдың аянышты хәлін кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыру керек. Өткізілген кездесудің түйіні, келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалуы керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктін алтын тірегіне айналсын демекпін.
Арқалық политехникалық колледжінің психологі Ахметова Салтанат Сериковна