Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінде 10 қараша жас мамандарға арналған «Сабақты жоспарлау оқытушы жұмысының әдістемелік негізгі нысаны ретінде» тақырыбында семинар өтті.

Колледж басшысы ОСПАНОВ А.С. жас ұстаздарға педагогтық қалыптасуы жолында көмек көрсетуде, ұстаздық іскерлігін жетілдіруде, тәлімгерлік көмек көрсетіп, әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, оларға қолдау көрсетіп отырады.

Колледж жоспарына сәйкес жыл басында жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспар құрылып, жас және жаңадан келген оқытушыларға педагог жетекшілер бекітілді. Мақсаты: жас оқытушыға қалыптасу кезеңінде көрсетілетін әдістемелік көмекті жетілдіру. Колледждегі жас педагогтар саны – 9. Екі айда бір рет жоспарға сәйкес отырыстар өткізіліп тұрады. Отырыста әдістемелік ақыл – кеңестер беріліп, баяндамалар тыңдалып, тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатымен жас маманның сабағына тәлімгер – оқытушының қатысуының есебі тыңдалып, ұсыныстар мен ақыл кеңестер жүргізілді. Жас мамандарға қажетіне қарай әдістемелік көмек сабақ жоспарын, оның түрлерімен оқыту әдістері туралы әдістемелік ұсыныстар көрсетіліп отырады.

Семинар барысында "Кез-келген істің соңы бастаудан негіз алады" сабақты ұйымдастыру кезеңі, «Жаңа тақырыпты түсіндіру және оны бекіту кезеңдері», " Мақсатқа жетудің тәсілі - әдіс" – педагогикалық әдіс таңдау, «Үй тапсырмасын – тексеру, үй тапсырмасын беру, оқушылар білімін бағалау» тақырыптарында кеңірек талқыланып, әдістемелік кеңестер беріліп, тақырыпқа құрылған әр – түрлі тапсырмалар орындалды. Семинардың мақсаты: кәсіби шеберлікті арттыру, дағдыларын дамыту, сабақты жоспарлауға үйрету болатын. Арнайы даярланған сабақ жоспарының құрылымы жасалып, түсіндірілді. Сабақтың жоспарын дұрыс құра білу, мақсатын дұрыс қою, сабақтың кезеңдерінде әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану туралы әдістемелік ұсыныстар берілді. Сабақты жоспарлау бойынша тапсырмалар орындатылды. Жас мамандар аса қызығушылықпен ат салысып өз ойларымен бөлісті.

Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру бойынша өндірістік оқыту шебері Еденова И.Е. жас мамандарға ұсынымдар беріп, өндiрicтiк oқытy caбaғының құрылымы, сабақ жоспарын толтыру туралы түсінік беріп өтті.

Caбaққa дaйындық кeзiндe шeбeр caбaқтың әрбiр кeзeңiн жocпaрлaп, дaйындaйды. Oл үшiн әдicтeмeлiк әдeбиeттeрдi oқып, oқyлықтaрдың қaжeттi бөлiмдeрiн, жaңa тeхникa жeтicтiктeрiн қaдaғaлaп, oқyшылaрғa бeрiлeтiн бiлiм, әдicтeмeлiк жәнe тeхникaлық жaғынaн жoғaры дәрeжeдe бoлyы кeрeктігі, caбaқтың мaтeриaлдық-тeхникaлық жaбдықтaрын aлдын-aлa дaйындay, oқyшылaр жұмыc жacaғaн кeздe тeхникa қayiпciздiгiн caқтayғa, қaжeттi тaпcырмaлaрдың дaйын бoлyын қaдaғaлaу сабақты өткізетін шеберге байланысты екендігі түсіндірілді.

Калкаева Г.Т. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің бірінші санатты оқытушысы «Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану арқылы білім алушылардың өзіндік білім беру қабілетін дамыту» тақырыбында әдістемелік баяндамасымен бөлісті. Оқытушы өз баяндамасында сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау деп түсіндірді. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында сабақта жаңа технология элементтерін тиімді қолданып сабақты қызықты өткізуге болатынын айтып өтті. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиясын қолдану арқылы өткізілген сабағынан элементтер көрсетті.

Ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын жас мамандардың қалыптасуына, бейімделуіне байланысты ұйымдастырылатын семинар, коучинг, дөңгөлек үстел, тиімді оқыту әдістер, оқытушыларды байқампаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік беретінін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Крыжанова И.В. сөзіне тиек етті.

Білім алушыларымызға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру мақсатында жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамыту жолында қызмет етуіне аянбай көмек беру басты міндетіміз.

Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше игеру, оны білімалушыларға жеткізу ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің парызы.

Арқалық политехникалық колледжінде

Директордың оқу- әдістемелік жұмыс

жөніндегі орынбасары Жиенбаева С.А.