27 қараша күні ағылшын тілі пәнінен сыныптан тыс шара «Who is the best?» сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты:Үш тілде студенттердің алған білімдері, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу; тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту;
Сайысқа ОП-17 тобы, ЭМ-12 тобы, ТО-18 топтарының студенттері қатысты. Сайыс кезеңі 4 бөлімнен тұрды.
I.Baiga – Бәйге
II. «Understand me»– мені түсін
III. «polyglot» – полиглот
IV. “Do you Know” сен білесің бе?
Үш тілде мақал-мәтелдер, жұмбақтар жасырылып, Студенттерге сайыс өте қызықты болды. Олар үш тілде білімдерін сынап, түрлі тапсырмалар орындады. Топта белсене жұмыс істей білді. Сайыстың қорытындысы бойынша
1-орынға ЭМ-12 тобынан құралған «Жалын» тобы
2-орынға ТО-18 тобынан құралған «Болашақ» тобы
3-орынға ОП-17 тобынан құралған «Операторлар» тобы ие болып, марапатталды.