Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Тәуелсіз елдің жасөспірімдері де тәуелсіз болуға құқылы. Қоғам үшін ең бастысы -тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым – қайғысыз өмір. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндет - бала құқығын қорғау, зорлық - зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Жастарымыздың еркіндікте, елдікте өмір сүрулері үшін қоғамның тыныштығы мен бейбітшілігі маңызды.

Еліміздің ішінде зорлық - зомбылықтың кең жайылып, белең алып тұрғаны бәрімізге белгілі. Осы бағытта Арқалық политехникалық колледжі үнемі жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бірі, 25 ші қараша, 10 - шы желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықсыз 16-күн «Халықаралық әйелерге қатысты зорлық - зомбылық көрсетуді жою күні акциясы өтілуде.Міне, осы акция қарсаңында колледжіміздің жастар ісі жөніндегі мүшелері ұйымымен Арқалық қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Е Т. Байдосовамен бірігіп, жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі А.Х. Байжуминаның жетекшілігімен қаламыздағы «Ажар Маll» сауда – орталығының 1-ші қабатында «Флешмоб» ұйымдастырылды.

Бұл флешмобтың ұйымдастырылуының басты максаты, жергілікті тұрғындар арасында іс қимыл арқылы отбасылык құндылықтарды насихаттау, анамен баланы коргау, қогамдағы отбасы ролін нығату болып табылады . Осы акцияның ұйымдастырылуына зор үлесін қосқан «Ажар Маll» әкімшілігіне үлкен алғысымызды білді реміз. Жастарымызға дұрыс жол көрсетіп, тиімді уақытты пайдалана алатындай қоғамдық орындармен мекемелер көп болып, жастарымызды қызықтыра алатын ерекшелікке ие бола алса, өскелең ұрпақтың да қызығушылығы артып, зорлық - зомбылықсыз балалық шақты өткізу де әр баланың жақсылыққа қарай бет бұрары анық деген сенімдеміз!