Арқалық политехникалык колледжінің жатақханасының демалыс залында
5-қабаттың ұйымдастыруымен 12-ші желтоқсанда Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тәңірдің төл құжаты, тәңірім мәңгілікке мөрін басқан» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат өсіп келе жатқан болшаққа осынау азаттық бізге оңайшылықпен келмегенгін, қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны қалғанша қазақтың өжет ұл-қыздары алып бергенін санасына сіңіру болды. : Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болды.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды. Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. Біз білетін қыршындардан тысқары бізге меймәлім боздақтарды еске алып,қанша алғысты жеткізседе бір артық жері жоқ дүние болар еді. Бабалардың «Қызым күң, ұлым құл болмасын» деген сөзін санасына тоқыған намысшыл қазақтың ұлы мен қыздары азаттықтың таңы Қазақ үшін мәңгі ататындай қылып кетті. Сол қиындықпен сол қанмен, сол термен келген тәуелсіздік мәңгілік болсын, туы тұғырдан түспесін, басына қонған бағы таймасын, барынан айырылып қалмасын, ұл-қыздары намысшыл, ұлтшыл болсын, боданға байланбау үшін жанын пида етуге даяр болсын, тәуелсіздіктің құрбандары үлгі болсын, қадірін түсінсін.
Мерекелік бағдарламаны жатақханадағы барлық студент жастар мен келген қонақтар тамашалай алды. Ән мен биден шашу шашылса, сонау сәттен көрініс, шағын видеоролик көрсетілді. Мерекелік бағдарлама жақсы деңгейде өтті.