Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Ереже «Үздік электронды портфолио» байқауының негізгі мақсатын және міндетін анықтайды. Байқауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты: оқытушының кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген жұмыстарының талдауын қамту; өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек беру.

Жалпы ереже

Осы Ереже «Үздік портфолио» колледжішілік конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру, өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртіптерін айқындайды.

Конкурс топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларымен 2019 жылдың 22 - 25 қаңтар аралығында өткізіледі.

Байқау мақсаты:

Портфолио арқылы өздерін ұсына алатын талантты педагогтарды анықтау және мадақтау.

Байқаудың мазмұны:

Портфолио оқытушының өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін көрсетуіне мүмкіндік туғызады.

Оқытушының біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына мүмкіндік береді. Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.

Пән оқытушылар электронды портфолиоларын белгіленген күнде әділ қазылар алқасына таныстырып ұсыну қажет.

«Үздік электронды портфолио»байқауы ТӘК құрамы бойынша төмендегідей үлгіде өткізіледі.

«Жалпы білім беретін» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 22 қантар күні сағат 15.00-де № 32 кабинетте өтті.

«Қызмет көрсету саласы» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 23 қантар күні сағат 15.00-де № 32 кабинетте өтті.

«Қосымша білім беру педагогы», «Тәрбиешілер» арасында 24 қантар күні сағат 15.00 - де № 32 кабинетте өтті.

«Техникалық пәндер» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 28 қантар күні сағат 15.00 - де № 32 кабинетте өтті.

Байқауға қатысу

Байқауға колледж педагог қызметкері болып табылатын, кемінде үш жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар қызметкер қатыса алады.Конкурсқа қатысатын оқытушылардың электронды портфолиосы белгіленген қазылар алқасымен тексеріледі және бағаланады.

Портфолио құрылымы 5 бөлімнен тұрады:

І. бөлім Оқытушы туралы жалпы мәлімет

• Жеке куәліктің көшірмесі

• Дипломның көшірмесі

• Еңбек кітапшасының көшірмесі (міндетті емес қолдарыңызда болса саласыздар)

• Біліктілік санатын беру туралы куәліктің немесе бұйрықтың көшірмесі

• Біліктілікті арттыру курстары туралы куәліктердің, сертификаттардың көшірмелері.

ІІ. бөлім «Ашық сабақтар және сабақтан тыс іс - шаралар»

(сабақтар, шебер –класстар, сабақтан тыс іс – шаралардың әдістемелік әзірлемелері.)

ІІІ. бөлім «Әдістемелік жұмыс»

(Әдістемелік баяндамалар, БАҚ –тағы жарияланымдар, теориялық және практикалық жұмыстардың әдістемелік әзірлемелері)

ІҮ. бөлім «Шығармашылық жұмыс»

(Өзінің және білім алушылардың грамоталары, дипломдары, мараппаттары. Педогогикалық конкурстарға, конференция, семинарларға қатысу)

Ү.бөлім «Тәжірибе жинақтау»

(Оқытушының әдістемелік тақырып бойынша білім сапасы бойынша есептері, пән бойынша қорытынды және аралық бақылау жұмыстарының нәтижесі)

Әділқазылар алқасы колледж әкімшілігінен құралады.

Әділқазылар алқасының құрамы:

• Әділқазылар алқасының төрағасы: Оспанов А.С. - колледж директоры.

• Әділқазылар алқасының мүшелері:

• Крыжанова И.В. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

• Жайлаубаева Г.М. - директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары.

• Исмагулов Е.Н. - директордың өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары.

• Жиенбаева С.А.- директордың оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

• Ахметова С.С. - директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары.

• Қаржауова Г.Қ. – әдіскер.

Бағалау критерийлері:

Сайыстың барлық кезеңдерінде әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың портфолиосын төмендегі критерийлер бойынша бағалайды:

• оқытушы портфолиосының ережеге сәйкес әзірленуі ;

• мазмұны (жұмыс көлемі, қосымшаның бар болуы);

• ұсынылған ақпараттың дұрыстығы;

• ресімдеу сапасы;

• сауаттылық;

• ерекшелігі;

• шығармашылығы;

Байқау қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау

Конкурс қорытындысы 2019 жылдың 25 қаңтарда шығады. І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жеңімпаздар дипломдармен мапаратталады. Конкурс нәтижелері колледжсайтында жарияланады.