Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

21/11/2024  Четверг
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

«Үздік электронды портфолио» байқауын ұйымдастырудың негізгі мақсаты: оқытушының кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген жұмыстарының талдауын қамту; өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек беру.Портфолио арқылы өздерін ұсына алатын талантты педагогтарды анықтау және мадақтау.

Байқау топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларымен 2019 жылдың 22 - 28 қаңтар аралығында өткізілді. Байқауға 32 оқытушы қатысты.

Пән оқытушылары электронды портфолиоларын белгіленген күнде әділ қазылар алқасына таныстырып ұсынды.

«Үздік электронды портфолио»байқауы ТӘК құрамы бойынша төмендегідей үлгіде өткізілді.

«Жалпы білім беретін» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 22 қантар күні сағат 15.00-де № 32 кабинетте өтті.

«Қызмет көрсету саласы» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 23 қантар күні сағат 15.00-де № 37 кабинетте өтті.

Тәрбиешілер мен әлеуметтік педагог, психолог, қосымша білім беру педагогтары 24 қантар күні сағат 15.00-де № 37 кабинетте өтті.

«Техникалық пәндер» топтамалық әдістемелік комиссия оқытушыларына 28 қантар күні сағат 15.00 - де № 37 кабинетте өтті.

Сайыстың барлық кезеңдерінде әділ қазылар алқасы байқауға қатысушылардың портфолиосын төмендегі критерийлер бойынша бағалады:

· оқытушы портфолиосының ережеге сәйкес әзірленуі ;

· мазмұны (жұмыс көлемі, қосымшаның бар болуы);

· ұсынылған ақпараттың дұрыстығы;

· ресімдеу сапасы;

· сауаттылық;

· ерекшелігі;

· шығармашылығы;

Байқау барысында электронды портфолионың инновациялық түрін ұсынған оқытушылар Қалиев Е.Қ., Қалжанов Н.А., Байгереев С.Ғ. жұмыстары ерекшеленді.

Алдағы уақытта портфолиоларын толықтырып жандандыру тапсырылды.

Байқау барысында оқытушылар Мажитова Н.Ж., Балмашева Б.К., Омарова Г.А., Саламатова А.К., Еденова И.Е., Қаражигитова Д.Т., Ельясова М.Ж., Алибаева С.А., Искакова М.Б., Нурпазилова Б.К., Садуова С.Т., Байжумина А.Х. портфолиоларының толық жүйелі жасалған түрін, кейбіреуі гиперссылкамен жасалған нұсқасын ұсына білді. Алдағы уақытта оқытушыларға портфолионы ережеге сәйкес жасап, ұсынылған ақпараттың дұрыстығына назар аударып, жұмыс көлемі яғни әдістемелік, шығармашылық, әдістемелік әзірлемелердің толық салынуын басты назарда ұстанып, үнемі жаңартылып, толықтырып отыруы шарт екендігі түсіндіріліп жеткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша портфолионың ережеге сәйкес әзірленген, ресімдеу сапасы жоғары І орын дипломмен Сейдалы Қ.А., ІІ орын дипломмен Алекешов Г.Х., Самыратова Л.А., ІІІ орын дипломмен Махатов А.Ш., Жапаргалиева А.Ж., Хамзина С.М. мапаратталды. Талапқа сай, ережеге сәйкес, портфолионың жүйелі түрін ұсынған Нурманбетова А.С., Бекеева Д.Х. жұмыстары үздік танылғаны үшін марапатталды.