Арқалық политехникалық колледжінде «Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» атты онкүндік аясында «ЭЕМ операторы» мамандығының арасында «Көкпар» интеллектуалды білім сайысы өтті. Сайыстың мақсаты білім алушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы ойыншыны анықтау болды. Сайыс алты кезеңнен тұрды және алты білім алушы қатысты. Сайыстың жеңімпазы ОП-17 тобының студенті Мұрат Еламан атанды.