«Қызмет көрсету саласы топтамалық әдістемелік комиссиясының» «Білім берудегі шығармашылық тәжірибелер» атты апталығында «Аспазшы» мамандығы бойынша колледжішілік WORLDSKILLS АПК-2019 үздік маман сайысы келесі өтті. Сайысты ұйымдастырға аспазшы мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Хасенова саяна Сергеевна және Еденова Индира Ескермесқызы.
Сайыстың ережесі Қостанай облысында өткізілген WORLDSKILLS чемпионатының үлгісімен жасалды. Бұнда топтан үздік деп танылған 6 білім алушы қатысты. Бағалаушы 2 топ болды, бірі іштей объективті бағалаушы (эксперт), сырттай субъективті бағалаушы әділ қазылар болды.
Сайыс үш модульдан тұрды:
1. Модуль А. «Жұмыртқа қуыру;
2. Модуль В. «Котлет» «Кортоп пюресі»;
3. Модуль С. «Салат»
Берілген тапсырмаларды білім алушылар көрсетілген уақыт бойынша жасап, әділ қазыларға ұсынып отырды. Сайыс қызықты да тартысты өтті. Жалпы сайысқа 3 сағат уақыт берілді. Сайыскерлер берілген модульдер бойынша тапсырмаларды өз уақытында жасап, әділ қазыларға ұсынып отырды. Сайыс нәтижесі бойынша Гран При, І орын, ІІ орын, ІІІ орындар берілді.
Гран Приге Толеубаева Наргиз ие болыд, І орын–Сағынтаева Ақбота, ІІ орын–Середина Екатерина, ІІІ орын Малькоава Ситораға берілді және Алмағанбетова Гүлжихан мен Утегенова Диана Сертификатпен марапатталды.
Қатысушылар сайыс тапсырмаларымен танысуда.
Эксперттер
Объективті әділ қазылар
Субъективті әділ қазылар