Бүгінде, Арқалық политехникалық колледжінде, ғашықтықпен сүйіспеншілікке ұмтылған жастарға бүгінгі кешімізде, барлық студентерге ерекше әсерлі көңіл сыйлап, романтикалық сезімдерін ұсынған, махаббатқа он қадам жобасы өткізілді. Жобаға тек жоғарғы топ білім алушылары ғана қатысты. Жігіттеріміз бірінен бірі өткен серілер сахнаның ерекше көркін келтірді. Бүгінгі жобамызда 10- жігіттің арманы, колледжіміздің аруы, ақылына көркі сай, білімді, үздік алғыр, көріктіде келбетті аруымыз жарты жүрегін бүтіндеуге келген ашық мінезді, кез-келген ортамен тез тіл табыса білетін, жігіттердің бойындағы жомарттықпен адалдықты жоғары бағалайтын басты кейіпкеріміз бітіруші түлегіміз, Ф-31 тобының аруы Сәрсенбаева Кенжегүл болды. Сайыс 9- кезеңнен тұрды. Э-31 арнайы тобынан Сапар Жанторе, Суннатов Дінмұхамед, Махамбетәлі Бектұр, Э-41 тобынан Ержанов Диас, Момынғалиев Әнуарбек, ГЭС-34 тобынан Хамит Қанат,ТО-31тобынан Бақыпбай Бағылан Э-31 тобынан Қойшыбай Нұртөре, Келес Ғасыр атты жігіттеріміз қатысып, жобаның ережесіне сәйкес әркім өз деңгейлеріндегі жақсы дайындықтарымен келгендерін көрсетті.
Жоба шарттары, Сыйға сый –сыраға бал! Дауысы қандай керемет еді! Білекті бірді жығар-Білімді мыңды жығар! Шынайы сезімін білдіру сәті! Белбеу- жігіттің жан дүниесінің сандығы! Спорт денсалық кепілі! Мәнерлеп өлең жолын оқу! Биле –биле жастар! Жобамыздың шарты бойынша, әр кезеңнен бір жігітімізден жобадан шығарылып отырды. Бүгінгі жобамыздың жеңімпаз сері жігітіде анықталды. Э-31 тобының білім алушысы, Қойшыбай Нұртөре ақтық сайысқа дейін жетіп, Кенжегүлдің жұбы атанды. Жоба жеңімпаздары, Нұртөремен Кенжегүлге Арқалық ойын-сауық орталығына пицареяға сертификат берілді!