Коммунальное государственное казенное предприятие

Аркалыкский политехнический колледж

23/11/2024  Суббота
        8 (71430) 7 59 83
Костанайская область, г. Аркалык, улица Абая 112

Арқалық политехникалық колледжінің

әдіскері Айтмаганбетова Б.С.

Арқалық  политехникалық колледжі 2015 – 2016 жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығына, оңтүстік өңірден, атап айтсақ Шымкент, Қызылорда қалаларынан талапкерлер қабылдады. Қәзіргі таңда сол студенттер колледжіміздің алғашқы сыңғырлаған қоңырау күнінен бастап белсенділік танытуда. «Бұлақ көрсең, көзін аш», -дегендей, бойында өз мамандығына деген қызығушылығы бар, білімге, өнерге талпынып тұрған білім алушыларымызға колледжіміздің басшысы Оспанов Асқар Сәбитбекұлы, директордың тәрбие – іс жөніндегі орынбасары Сейтқалиева Гүлзада Байдрахманқызы, «шаштараз» тобының өндірістік оқытудағы шеберлері Ельясова Мөлдір Жанбусинова, Қазақбаева Анжела Сабитовна жан-жақты жағдай жасауда. Колледжімізде заман талабына сай білім беру мақсатында ұстаздарымыз пенөндірістік оқытудағы шеберлер өз дәрістерінде жаңа иновациялық технологиялар қолдануда. Бұл студенттеріміздің адамгершілік, патриоттық, интелектуалдық, мәдени дамуымен қатар білім алуына тікелей қатысты. Нәтижесінде білім сапасын арыттыру, теория мен тәжірибені ұштастыру, студенттің қабілеті мен белсенділігін арыттыру.

Колледжімізде қыркүйек айында өткізілген мәдени, спорттық іс – шараларда («денсаулық күні» фестивалі, «тілдер мерекесі», «біз таланттыларды іздейміз» конкурсы) биылғы оқу жылында қабылданған білім алушыларымыз, соның ішінде «Серпін» бағдарламасымен келген студенттер де, өз өнерлерімен көзге түсіп біршама танылып та үлгерді.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп Абай атамыз айтқандай, колледжімізде оқытылатын мамандықтарымыздың барлығы дерлік, дәл осы заманға лайық сұраныста бар және кәсіп ашып, мемлекетіміздің «жас кәсіпкерлерді қолдау» бағдарламасы арқылы да, алған мамандығының иесі болуына мол мүмкіндік бар дей аламыз.